astana-view

Әкімдіктің өкілдері заңды бұзғаны салдарынан жер пайдаланушылар зардап шекті

2024 жылғы 15 Наурыз
6698 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңыда  Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда Ақмола облысы кәсіпкерлерінің өтініші бойынша жер учаскелерін алып қою кезінде кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін сақтау туралы мәселе қаралды.

Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті облыс аудандары әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдері мен кәсіпкерлер арасында жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызды екі жыл бойы беріп келген. Сондай-ақ бизнес субъектілеріне осы жер учаскелеріне билік етуге және пайдалануға тыйым салу туралы талап қойылған. Жер пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар Жер кодексінің 48-бабының (аукцион өткізбей берілген жер учаскелері) талаптарының бұзылуына байланысты басталанған.

Екі жыл ішінде департамент сотқа жер учаскесін жалдау шарттарын жарамсыз деп тану туралы 178 талап арыз берген.

«Жер учаскелерін жалға беру туралы шартты бұзу өңір экономикасына елеулі залал келтіреді, ал агроөнеркәсіптік бизнеске инвестиция салған кәсіпкерлер көп миллиард долларлық шығынға ұшырайды», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Спикер Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» жолдауында «Жер өндірістің негізгі факторы. Оған қол жеткізбестен бизнесті жүргізу мүмкін болмайды. Алайда, мемлекеттен жерді жалға алу құқығын тегін алғандардың көпшілігі жерді болашақта пайдалану үшін жұмыс істемей ұстайды. Пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін алып тастауға кірісетін кез келді» деп айтқанын еске салды.

Кеңес төрағасы  кәсіпкерлерден жер учаскелерін алып қою мысалдарын келтірді. Бұл жайт тікелей шығындардан басқа, өндірісті жабу, жалдамалы жұмысшыларды жұмыстан шығаруға әкеп соғады, өңірдегі мал шаруашылығы бойынша көрсеткіштерді төмендетеді, ал тұтынушылар импортталатын ет-сүт өнімдерін сатып алуға мәжбүр болады. Осылайша, экономикалық залалдан басқа, өңірдегі әлеуметтік жағдайды нашарлатады.

Мысалы, «АККӨЛ-АГРО» ЖШС-дағы жер көлемі 436 гектарды құрайды. Серіктестік бұл учаскеге сүт-тауар фермасы және ет-сүт тұқымдарын өсіру фермасын салған. 388 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алынды. Ауыл тұрғындары үшін 28 жұмыс орны құрылды.

«СИВКА-БУРКА» шаруа қожалығында 1 200 га жер. Онда бордақылау алаңы салынды, қарыз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. 1871 бас ІҚМ және 878 ұсақ мал сатып алынды. Инвестиция көлемі 250 млн теңгені құрады; ауыл тұрғындары үшін 30 жұмыс орны құрылды.

«АЛИ МАНСУР» ЖШС – 2,7 гектар. Онда саңырауқұлақ, қияр, қызанақ және құлпынай өсіретін жылыжайлар салынды. Сумен жабдықтау жүйесі жүргізілді, көкөніс қоймалары мен қоймалар, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу бойынша үй-жайлар салынды. Барлық нысандар пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі 70 млн теңгені құрады; ауыл тұрғындары үшін 20 жұмыс орны, ал жазғы кезеңде – 35 жұмыс орны құрылды.

«АБОЛ-АСТЫҚ» – тартып алғалы жатқан жер учаскесінің ауданы 4 568 га. 900 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды (87.2 млн.теңге лизинг, 258,3 млн. теңге - қарыз). Дәнді және бұршақты дақылдар, тұқым шаруашылығы өсіріледі. Инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрады. Ауыл тұрғындары үшін 20 жұмыс орны құрылды.

 «Арт-С-Батыр» – алынып жатқан жер көлемі 15 000 га. Инвестиция көлемі 110 млн теңгеден асты, шаруашылық базасында 1700 жылқы тіркелді, мал шаруашылығы базасы, бордақылау алаңдары, ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

«Мемлекет кәсіпкерлермен қарым-қатынаста өз міндеттемелерін орындамайтын жосықсыз серіктес ретінде әрекет етеді. Өйткені жер учаскелерін бөлу Үкімет бекіткен мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылды, оның жоғары деңгейі биліктің бизнеспен адал ынтымақтастығының кепілі болып саналмайды», – деді Қ.Сүлейменов.

Сонымен қатар, жер пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану туралы барлық талап-арыз жергілікті атқарушы органдар – Ақкөл, Біржан Сал, Аршалы, Жақсы, Целиноград аудандарының әкімдіктері 2016 жылы 2015 жылдан 2020 жылға дейін қолданыста болған аумақты дамыту бағдарламаларына сәйкес берген жер учаскелерімен байланысты.

Кәсіпкерлер мемлекетке сеніп, «Сыбаға», «Ауыл», «Еңбек», «Іскер» кредиттеу бағдарламалары бойынша өндірісті кеңейтуге мүмкіндік беретін екі-үш жыл ішінде ұрпақ берген элиталық малды сатып алды. Фермерлерді жем-шөп алу үшін жайылымдар мен егістіктерден айыру оларды банкротқа ұшыратады, малды «пышақтың астына» жіберуге мәжбүр етеді. Бұл кәсіпкерлерге зиян келтіріп қана қоймай, бюджетке салық түсімін, сауда желісіне ет-сүт өнімдерін азайтып, жергілікті тұрғындар жұмыссыз қалады.

«Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті оған жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау саласындағы берілген өкілеттіктер шеңберінен шығып отыр. Бұл істе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану элементтері бар», – деп қорытындылады кеңес төрағасы.

Сондай-ақ  спикер заңнамаға сәйкес, Комитет пен оның аумақтық департаменттері, егер бұл учаске мақсатына сай пайдаланылса, уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы емес екенін түсіндірді. Өйткені бұл өкілеттіктер оған заңнамамен берілмеген, сондықтан оларды талапкерлер тиісінше мойындамауы керек.

Қазіргі жағдайда Президенттің тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органмен сотқа тартылады. Барлық сот дауы бойынша аудан әкімдіктері жауапкер, ал кәсіпкерлер сот талқылауына үшінші тұлға ретінде тартылды.

Бұл шаруа департаменттің жерді алып қоюды жалдау шарттарын жарамсыз деп тану жолымен жүзеге асыратындығына байланысты. Өйткені бұл алгоритм ҚР БҚ 92-94-баптарына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе игерілмеген жерлерді алып қою жөніндегі заңнамамен регламенттелген ұзақ, қадамдық іс-шараларды талап етпейді.

Сондай-ақ, бизнес субъектілері үшін жағымсыз жағдай аукцион және конкурс арқылы жер алған кәсіпкерлерге департаменттің сотқа шағым беру кезінде қалыптасты.

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының атына бзнес субъектілерінен өтініштер келіп түсті. Олар өз уақытында конкурстарға қатысып, мәлімделген лоттарда жеңімпаз атанды, ҚР БҚ 48-бабы және ҚР АШМ бекітілген қағидалары негізінде жер сатып алды. Осылайша, кәсіпкерлер бірнеше жыл бойы өз бизнесін құрған адал пайдаланушылар. Қордағы жерлердің болуына қарамастан жайылымдардың тапшылығына қатысты жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары тобының департамент мекенжайына жіберілген өтініштері сотқа талап қою үшін негіз болып саналады.

«Аdal meat company» ЖШС 2020 жылдың наурызында өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесі сатып алды. Алайда, екі сатыдағы соттар конкурс өткізу кезінде рәсімдік сипаттағы елеусіз бұзушылықтарға байланысты департамент пайдасына шешімдер қабылдады. Бұл ретте кәсібін адал жүргізіп жатқан кәсіпкердің осы жер учаскесінде ауданы 1133,2 м2 мал шаруашылығы базасы салынды, ол пайдалануға берілді. Меншік құқығы тіркелді. Қазіргі уақытта фермердің атына әкімдіктің құрылыс нысандарын бөлшектеу туралы хаты келіп түсті.

«Мұндай практика әділетсіз шешімдерге әкеледі. Өйткені әкімдіктердің лауазымды тұлғаларының заң бұзушылықтары бар. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің іс-әрекеттерінде жер немесе өзге де заңнаманы бұзуға жол берілмейді, бұл жер пайдалану құқығын алудың адалдығын көрсетеді. Әкімдіктердің лауазымды адамдардың заңды бұзғаны салдарынан іс жүзінде адал жер пайдаланушылар жауапқа тартылады.  Ал жергілікті атқарушы органдардың шенеуніктері тек тәртіптік жауаптылықта болады. Осылайша, жер заңнамасы бойынша негізсіз құқық қолдану практикасы өңірдегі агробизнестің дамуына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жер қатынастары мәселесінде қойған мақсаттары мен міндеттерінің бұрмалануы кәсіпкерлік субъектілеріне зиян келтіреді және жекелеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейді», – деп қорытындылады спикер.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер