astana-view

«Атамекен» ҰКП өкілдері Қытайда қазақстандық туризм жылының ашылуына қатысып жатыр

2024 жылғы 28 Наурыз
7026 просмотров

Осы жылдың 28 наурызында Бейжің қаласында Туризм мен инвестицияны дамыту жөніндегі форум өтті. Шара туристік байланыстарды тереңдетуге бағытталған диалог құру және идеялармен алмасу алаңына айналды.

Форум Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылу салтанатына орайластырылған.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзімен ашты. Қытай тарапынан ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели қатысты.

Форумда өткен «Туристік бизнестегі әріптестік: Қазақстан-Қытай инвестициялық мүмкіндіктері» панельдік сессиясында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков модератор және спикер ретінде сөз сөйледі.

Қазақстандық бизнес қоғамдастық өкілінің пікірінше, Қазақстанның орналасуы тиімді ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлер мен клиенттерге бірегей туристік өнімдерді ұсына алады.

«Қазіргі Қазақстан Еуразияның қақ ортасында, Батыс пен Шығыс арасындағы мәдени және идеологиялық байланыстардың қиылысында орналасқан. Бізде бай тарихи және табиғи мұра бар және бұл бізге азиялық және еуропалық мәдениетке бойлауға болатын бірегей туристік өнімдерді жасауға мүмкіндік береді», - деді Тимур Нақыпбеков.

Сонымен қатар, форумда қазақстандық және қытайлық туристік компаниялар арасында меморандумдарға қол қойылды.

 Іс-шара соңында туроператорларға арналған B2B сессиясы және көпшілікке арналған өңірлер көрмесінің ашылуы өтті.

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігінің телеграм-каналы

Тимур Нақыпбеков Форум дамып келе жатқан іскерлік қатынастарға жаңа серпін береді деген үмітін білдірді. Спикер «Атамекен» Ұлттық палатасы Қазақстан мен Қытай арасындағы қауіпсіз туристік ағымды ұйымдастыру бойынша екіжақты ынтымақтастыққа қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты. Спикердің айтуынша, екі ел арасындағы бірлескен Даму жол картасына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер