astana-view

Бизнес-қауымдастық су басқан өңірлерге жан-жақты көмектесуде

2024 жылғы 05 Сәуір
7014 просмотров

Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Ақмола, Түркістан облыстары, Астана, Шымкент, Алматы қалаларындағы және өзге де елді мекендердегі кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері су тасқынынан зардап шеккендерге белсенді көмек көрсетіп, табиғи апат салдарын жою жұмыстарын жүргізуде

 

Қиын жағдайда халық арасында ынтымақтастықтың шынайы белгісі байқалады. Осылайша, кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен отандастарға көмектесуді жалғастырып жатыр.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының негізінде гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Өңірлік кеңестер гуманитарлық көмек жеткізу, суды бұру үшін арнайы техника жұмысын, эвакуациялауға көлік және қажетті тауарларды жеткізуді ұйымдастырды.

Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының құрамындағы ірі кәсіпорындар (Kaz Minerals тобы және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС) су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және табиғи апаттың салдарын жою үшін бірқатар өңірге 800 миллион теңге бөлді.

 

 Батыс Қазақстан облысы:

  • іскер әйелдер кеңесінің 60-тан астам мүшесі мен ӨКП қызметкерлері 3 млн теңгеден астам сомаға қаражат аударды. Анката және Подстепное кенттеріне гуманитарлық көмек жеткізілді. Мұндағы Теректі колледжінде ауданның эвакуацияланған тұрғындары орналасқан. Зардап шеккендерге төсек жабдықтары мен жеке гигиеналық құралдар берілді;
  • өңірлік кеңестің төрағасы М. Ұ. Жақыбаев су басқан аудандарға ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы мен құм қаптарын жеткізуді ұйымдастырды. Сондай-ақ, зардап шеккен аудандарда осы кәсіпорынның техникасы (тиегіштер, тракторлар, экскаваторлар) жұмыс істеп жатыр;
  • өңірлік кеңестің мүшесі С. С. Идиятов Тасқала ауданына су бұру арналарын өткізу жүмысын басқарды;
  • өңірлік кеңестің мүшесі Т. Т. Тілемісов 5 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жіберіп, техника (трал және екі тиегіш) бөлді;
  • Өңірлік кеңес мүшелері Н.М. Оразгелдиева, Б. Г. Лаврентьев, А. Т. Сағитов, М. Ж. Қаженов 3,6 млн теңге аударды;
  • өңірлік кеңестің мүшесі Б. М. Гадельшиев Ақсу ауылының интернатына әкелінген балаларды тамақпен қамтамасыз етті;
  • ШОБ салалық кеңесінің мүшесі А. Аминов зардап шеккендерге 1 млн теңге сомасында заттар алды.

 

Қостанай облысы:

  • өңірлік кеңес мүшелері зардап шеккендерге көмек көрсетті – А. А. Қожаназаров 5 млн теңге аударды, А. Т. Есенгелдинов 2 тонна картоп, С. И. Блок және («Милх» ЖШС) – 2,2 мың литр сүт өнімдері, Д. Ж. Шаяхметов («Асалия» ЖШС) – 5 тонна ұн бөлді;
  • Әулиекөл, Ұзынкөл, Сарыкөл және Науырзым аудандарының бизнес субъектілері («Им. К. Маркс» ЖШС, «Надеждинское» ЖШС, «Нұр Тоба» ЖШС, «Половниковское» ЖШС) 45 тонна шөп және 127 тонна астық жем жөнелтті.

Ақтөбе облысы:

  • Өңірлік палатаға кәсіпкерлерден жалпы сомасы 1 029,5 мың теңгеге ақшалай қаражат түсті. Түскен қаражаттың бір бөлігі (683,5 теңге) эвакуациялық пункттерде орналастырылған зардап шеккендер үшін киім, гигиеналық құралдар, дәрілік заттар, су сияқты заттар бірінші кезекте қажет тауарларды сатып алуға бағытталған;
  • Қобда ауданына 2700 бірлік шаруашылық және гигиеналық тауарлар түрінде гуманитарлық көмек жіберілді;
  • Ақтөбе қаласының эвакуациялық пунктеріне (№5,40,47 мектептер) 560 бірлік шаруашылық және гигиеналық тауарлар, киім түрінде гуманитарлық көмек жіберілді;
  • су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған еріктілерге қолдау көрсету үшін Ақтөбе қаласының рестораторлары 5 күн ішінде 1210 порция ыстық тамақ түрінде түскі және кешкі ас ұйымдастырды;
  • Алға қаласының кәсіпкерлері 189,6 мың теңге сомасына 1455 бірлік көлемінде шаруашылық тауарлары мен жеке гигиеналық құралдарды жіберді;
  • өңірлік кеңестің мүшесі, Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің төрағасы А. Жылгелді 200 бірліктен астам қажетті заттарды ұсынды;
  • «Epsilon Group» ЖШС  жалпы сомасы 590 мың теңгеге жуғыш заттар түрінде көмек көрсетті. Үй жанындағы дүкендер 1000 бірліктен астам тұрмыстық және гигиеналық тауарлар түрінде көмек көрсетті;
  • тамақтану саласының кәсіпкерлері ыстық тамақ ұйымдастыруды жалғастыруда. Құтқарушылар үшін «Ошақ» және «Tami» кафелері 100 порциядан, «Пинта» мейрамханасы 40 порциядан, «Рауан» мейрамханасы 90 порциядан, «Браун» кофеханасы 80 порциядан, іскер әйелдер кеңесі 150 тағам, Р. Ғабидуллина және С. Таужанова – 110 нан ыстық тамақ жөнелтті;
  • «ЗапКазЯрмарка» ЖШС арендаторлары мен әкімшілігі 945 мың теңге сомаға бірінші қажеттіліктегі заттар мен шаруашылық тауарларын ұсынды, сондай-ақ 100 порцияға эвакуациялық пункттерде (№47 және №50 мектептерде) түскі ас ұйымдастырды;
  • Ақтөбе облысының іскер әйелдер кеңесі Ойыл ауданы және Ақтөбе қаласының эвакуациялық пункттеріне жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарлар, киім және жүзу құралдарымен (қайық) көмек көрсетті.

Атырау облысы:

  • 1,2 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жиналды;
  • өңірлік кеңес мүшелері 1 тонна жанармай және 3 бірлік арнайы техника (жүк тиегіш, 2 бірлік трактор) жөнелтті. Сонымен қатар, Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері жалпы сомасы 400 мың теңге көлемінде бір күндік жалақыларын Қызылқоға ауданының зардап шеккен елді мекендерінің қажеттіліктері үшін аударды;
  •  Қызылқоға ауданы Миялы ауылының кәсіпкерлері Ойыл өзенінің тасқынын болдырмау үшін бөгет тұрғызып, жағалау нығайту жұмыстарымен айналысатын еріктілер мен төтенше жағдай қызметкерлеріне үш күн бойы күніне үш рет ыстық тамақ таратты.

Түркістан облысы:

  • Іскер әйелдер кеңесі зардап шеккендерге 700 мың теңге жіберді;
  • «Күшіміз бірлікте» қорына 340 мың теңге аударылды.

Астана қаласы:

  • «MedHouse Kazakhstan» ЖШС 120 тонометр және  24 ингалятор жөнелтті;
  • «Жан 65» ЖШСбірінші қажеттіліктегі тауарлар мен заттар жіберді.

 

Шымкент қаласы:

  • Өңірлік кеңес мүшелері 1,9 млн теңгеге қаражат жіберді.

Алматы қаласы:

  • 2024 жылғы 29 наурызда Алматы қаласы Алмалы ауданының коммуналдық орталығы базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды.
  • пункт жұмыс істеген уақыт ішінде 3 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды (700 келіден астам киім, 300 келіден астам гигиеналық құралдар, 1,5 тоннадан астам азық-түлік).

 

Павлодар облысы:

  • Кәсіпкерлер палатасына 628 000 теңге қаражат жіберілді. 163 622 теңге ӨКП қызметкерлері жинады.

Ақмола облысы:

  • «Жаңа өмір KZ» ЖШС мен «ЭКО-DUMP» ЖШС арнайы техниканы жалға алу үшін 1,5 млн теңге берді.

 

Су тасқынынан мүлігі бүлінген кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін  «Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве» қоры жұмыс істейтінін еске саламыз.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП жанынан 1432 байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Су тасқынан мүлігі бүлінген кәсіпкерлер байланыс орталығына хабарласып, консультациялық көмек ала алады.

 

«Күшіміз Бірлікте» қорының реквизиттері:

БСН 220140002583;
«Банк ЦентрКредит» АҚ есептік шоты: KZ268562203115072353;
«Банк ЦентрКредит» АҚ реквизиттері:
БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX
БСН/БИН 980741000260 КНП 119


Еншілес ұйымдар

Серіктестер