Отандық өндірушілерге артықшылық қарастырылған
Мемлекеттік сатып алу және ұлттық компаниялардың сатып алу қағидаларына түзетулерде отандық тауар өндірушілерге артықшылықтар қарастырылған. Атап айтқанда, 30% мөлшерінде авансты міндетті төлеу; қамтамасыз етудің барлық түрінен босату); шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын шарт сомасының 10%-дан 3%-на дейін төмендету.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 168 бұйрығымен (ҚР ӘМ 29.03.2024 ж. № 34184 болып тіркелген):
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары ҚР ҚМ 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен);
2. Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидалары ( ҚР ҚМ-ның 30.11.2021 жылғы № 1253 бұйрығымен бекітілген);
3. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары ( ҚР ҚМ 20.06.2023 ж. № 686 бұйрығымен бекітілген).
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік сатып алу және ұлттық компаниялардың сатып алуы қағидаларына түзетулер отандық өндірушілерге мынадай артықшылықтарды көздейді:
- 30% авансты міндетті түрде төлеу;
- қамтамасыз етудің барлық түрінен босату (шарттың орындалуын қамтамасыз ету (3%), авансты қамтамасыз ету (аванс сомасына тең), сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы (демпингтік деп танылмайтын ең төменгі жол берілетін бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі сома);
- шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) шарт сомасының 10-нан 3% - на дейін төмендету.
Бұдан басқа, бір көзден алу тәсілімен офтейк-келісімшарттар жасасу (квазимемлекеттік секторды сатып алу), сондай-ақ тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілерден басым сатып алу (квазимемлекеттік секторды сатып алудағы мемлекеттік сатып алулардағы алуларға ұқсас және ерекше тәртіпті қолдана отырып) жөніндегі ережелер енгізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: