Су тасқыны салдарынан мүлігі бүлінген бизнеске не істеу керек
Су тасқыны жағдайы залал келтірумен қатар, қиындықтарға, келісімшарттар бойынша құқықтық міндеттемелердің орындалмауына да әкеп соғады.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, егер міндеттемелерді бұзу форс-мажор жағдайдың басталуына байланысты болса, адам жауапкершіліктен босатылады.
Су тасқыны табиғи апат болғандықтар форс-мажор жағдайларына жатады. Әдетте, келісімшарттарда осындай бөлім бар. Келісімшарттарда форс-мадор жағдайы түрлі тұжырымдармен сипатталады.
Қазақстанда форс-мажор туралы куәлікті 2014 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы сауда палатасы береді.
Куәлік алуға өтінім, құжаттар топтамасын ұсынғаннан және қызметке ақы төлегеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
Құжат топтамасына не кіреді:
1. Жазбаша өтініш және заңды тұлғаларға арналған қосымшасы – тіркеу/ қайта тіркеу туралы анықтама, жеке кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама (өтініште еркін формада келісімшарттың талаптарын қысқаша баяндап, орындамау себебін көрсету қажет).
- ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
- ұйымның заңды мекен-жайы (индексі), байланыс деректері (қолданыстағы жұмыс және ұялы телефон нөмірлері), электрон поштасы, төлем шоты үшін банктік деректемелері көрсетілген WORD форматындағы деректемелер.
2. Міндеттемелерді орындау мерзімдері бұзылған келісімшарт, келісімшартқа сипаттама, қосымшалар, қосымша келісімдердің сканерленген көшірмесі.
3. Міндеттемені орындау мүмкін еместігін растайтын құжаттар.
Егер форс-мажорлық жағдай Республикалық маңызы бар автожолдар, т/жолдардың кейбір учаскелерінде енгізілген шектеуге, су тасқыны салдарынан әуежайлардың қызметін тоқтап тұруы және кейіннен тапсырыс берушілердің атына тауарды жеткізу мерзімдеріне әсер еткен көліктің қауіпсіз қозғалысы үшін қауіптілікке байланысты жүктің тоқтап қалуына байланысты болса, онда бірінші кезекте форс-мажор куәландыруға логистикалық компанияға жүгіну қажет болады. Содан кейін олардың тапсырыс берушілеріне өздерінің контрагенттерінің алдында форс-мажорды одан әрі куәландыру үшін бару қажет.
Әр жағдай жекелей қаралады.
Назар аударыңыз! Орындау мерзімі келмеген, бірақ міндеттемелер орындалмай қалуі болжанған келісімшарттар бойынша форс-мажор куәлігі берілмйді.
Қызмет құны:
1-қадам. Құқықтық талдау жүргізу.
Бір келісімшарт үшін бағалау құны ҚҚС есебімен 15 АЕК немесе 66026 теңгені құрайды (2024 жылы 1 АЕК– 3692 теңге).
Куәлік беруден бас тартылған жағдайда сома қайтарылуға жатпайды.
15 АЕК төлеу форс-мажор басталғаны туралы куәлік беруге кепілдік бермейді.
2-қадам. Форс-мажор куәлігін алу.
- мерзімі өткен міндеттеме сомасы 100 000 теңгеге дейін сома болса, куәландыру құны құқықтық талдау құнына (15 АЕК) кіреді;
- мерзімі өткен міндеттеменің сомасы 100 000 теңгеден асқан жағдайда – келісімшарт бойынша мерзімі өткен (орындалмаған) міндеттеме сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 850 АЕК-тен аспайды.
Форс-мажорлық жағдай компанияны келісімшарт бойынша барлық міндеттені орындаудан босатпайды және серіктеспен келісімшарт күшін жоймайды. Куәлік тек міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Яғни компаниядан шығын, тұрақсыздық айыбы, өсімпұл, айыппұл өндіріп алу мүмкін болмайды. Шектеу шаралары жойылған кезде компания өз міндеттемелерін келісімшартта көрсетілген мерзімде немесе басқа мерзімде орындауы керек.
Мұндай куәлік жауапкершіліктен босататын құжат емес екеніне назар аударамыз. Контрагенттер куәлікті қабылдамауға, ал бұл жағдайда сотқа қатысты ықтимал даулар бойынша түпкілікті шешім қабылдауға құқылы.
Сот әрбір нақты жағдайда мән-жайларды жекелей қарастырады, ал Қазақстанның сыртқы сауда палатасының қорытындысы дәлелдемелердің бірі ғана болады.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен шағын және микробизнеске қатысты ҰКП форс-мажор жағдайын куәландыру рәсімі бойынша өтеусіз қызметтер көрсету туралы шешім қабылдады.
Анықтама ақпарат алу үшін жауапты маман: 87085854281 Әділ Мухамедьяровқа немесе Өңірлік палаталардың құқықтық блогына хабарласуды сұраймыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: