«Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдар тарапынан Бизнеске әкімшілік қысым деңгейін зерттеуде
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Ұлттық палата арасында 2022 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген бизнесті қорғау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау шеңберінде (2.24-тармақ) мемлекеттік органдар тарапынан Бизнеске әкімшілік қысым индексін есептеуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне онлайн-сауалнама нысанында сауалнама жүргізіледі. Сауалнама төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://forms.gle/818zYwr9aWzpjXgZ9
Аталған сауалнамада 19 сұрақ бар, ал толтырудың орташа уақыты – 15 минут. Осылайша, сауалнамадан өту көп уақытты талап етпейді. Сауалнаманы 2024 жылғы 5 мамырға дейін толтыруды сұраймыз.
Біз әрбір респонденттің жеке және жасырын пікіріне кепілдік береміз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: