Қазақстанда азаматтық мақсаттағы дрон шығару жоспарланған
«Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, тау-кен және басқа да салалар үшін азаматтық мақсаттағы дрондар шығаратын Қазақстан-Қытай кәсіпорнын ашуға қатысты талқылау өтті.
Жиынға Астана қаласы әкімдігі, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК АҚ және Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығының өкілдері қатысты.
Шара барысында қатысушылар жобаның маңызы және өндірісті одан әрі локализациялау туралы айтып, дрон шығаруды инвестициялау ұшуды басқару бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу, құрамдас бөліктер мен батарея технологияларын өндіру сияқты сабақтас салалардың өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.
Өз кезегінде, жаңа өндіріс айтарлықтай экономикалық әсер тудырады және нарықтың қарқынды дамуына ықпал етеді.
Мемлекеттік органдар жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаны сүйемелдеу және оны іске асыру үшін жұмыс тобын құруға уағдаласты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: