astana-view

Құс еті мен жұмыртқа бағасы қалай өзгереді?

2024 жылғы 15 Мамыр
6555 просмотров

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Қайрат Майшев су тасқыны ауыл шаруашылығына қалай әсер ететіні жайында ойын бөлісті. Сарапшының пікірінше, жағдай Қазақстанның аграрлық аумағыгың басым бөлігі үшін салыстырмалы түрде қолайлы болып көрінеді.

- Қайрат мырза, су тасқыны жайылым, егістік жерлерге қалай әсер етеді?

-  2024 жылы елімізде орын алған су тасқыны ауыл шаруашылығы алқаптарына түрлі әсер етті. Қауіп дәрежесі нақты өңірлер мен жағдайларға байланысты болды. Қазіргі кезде қызыл судан кейін топыраққа су сіңуі қиындайды. Топырақ беті қабыршықтанып, су жерге сіңбей жылғамен ақып кетеді. Мамыр мен маусымда болуы мүмкін құрғақшылық ауыл шаруашылығына зиян тигізуі мүмкін.

Кейбір өңірлер, әсіресе Қостанай облысында су тасқынының салдары ауыр болды. Егістікке жарамды жерлердегі құнарлы топырақ қабаты шайылып кетті. Топырақтың құнарлы қабаты дақылдар үшін маңызды, онда өсімдіктің өсуіне керек барлық пайдалы заттар бар. Енді топырақ құнарының нашарлауы егін өнімділігін төмендетеді.

- Диқандар биыл егінді уақыты егіп үлгерді ме?

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша аграрлық аумақтардың басым бөлігінде су тасқыны болмады,  егіс жұмыстарын бастау үшін топырақтың ылғалдылығы жеткілікті еді.  Дегенмен,  су басқан кейбір аймақтарда қолайлы күн райына қарамастан, топырақты қосымша қалпына келтіру және су деңгейін басқару қажеттілігіне байланысты егін егу кешіктірілуі мүмкін.

- Дегенмен биыл астық жақсы шыға ма?

- Астық одағының деректері бойынша су тасқыны егінге айтарлықтай әсер етпейді. Өзен, жылға, көл жаныда орналасқан алқаптарға ғана қауіп бар, өйткені топырақ құнары шайылып кетуі мүмкін. Мамыр басында көктемгі дала жұмыстары Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бсталып кетті. Одан әрі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, ШҚО және Павлодар облыстарында жалғастыру жоспарланған.

- Су тасқынынан қарамастан ғалымдар жер суға сіңіую төмен екенін растап отыр. Олардың айтуынша, алқаптардағы судың 80 пайызы сіңбей ағып кеткен. Мамыр, маусымда, қуаңшылық күтілуде. АШМ не дейді?

- Ғалымдардың қауіптенуі орынды. Жаз басындағы қуаңшылық ауыр өтуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі болжанып отырған қуаңшылық салдарын төмендететеін мынадай шараларды ұсынды:

Бірінші – төлемдерді кейінге қалдыру. Мұндай мүмкіндік су не қуаңшылықтан зардап шеккен фермерлер мен су басқан  аграрлық кәсіпорындарға беріледі.

 Екінші – агротехникалық әдістер. Фермерлер топырақ құрамында ылғалды сақтау үшін агротехникалық әдістерді қолдануы керек. Фермерлерге нақты аймақтарға және қол жетімді ылғал деңгейіне байланысты егіс науқанының ықтимал өзгерістері туралы хабарланды. Кейбір жағдайларда тұқым қорларын пайдалануға немесе бу алқаптарында қайта себуге болады.

 Үшінші – күн райы мен түрлі өзгерістерге байланысты егін науқанын кеш бастау ықтималдығы.  Фермерлерге нақты аймақтарға және қол жетімді ылғал деңгейіне байланысты егіс науқанының ықтимал өзгерістері туралы хабарланды. Кейбір жағдайларда тұқым қорларын пайдалануға қайта себуге болады.

 Төртінші – егісті тиімді пайдалану. Ауыл шаруашылығы министрлігі топырақ жағдайын бақылауды күшейту және ылғалдылықты сақтаудың оңтайлы шараларын анықтау үшін дәл егіншілікті пайдалануды ұсынады.

 Бесінші. Министрлік аграрлық инфрақұрылымды қалпына келтіру және нығайту үшін зардап шеккен фермерлерге гранттар мен жеңілдікті несие беруді жалғастырады.

- Су және жемшөптің ластанауы құс шаруашылығына әсер ете ме?

- Әрине. Өйткені өнімділік төмендейді, құс қырылып, ауруды емдеуге шығын арта түсуі мүмкін.

 Су ластанауы құс арасында ауру туғызады. Ауыр металдар немесе пестицидтер сияқты заттар құстың еті мен жұмыртқасына да әсер етеді. Оны тұтынған адамның денсаулығына да әсер етеді.

 Тәуекелдерді азайту мақсатында құс шаруашылығы кәсіпорындары сапалы ауыз су мен құрама жемді пайдаланады. Өйткені құс –  адам сияқты әртүрлі аурулармен, соның ішінде сапалы емес ауыз су және жеммен байланысты аурулармен жұқтыруға бейім тірі организм.  

 - Қостанай облысында су басқан құс фабрикалары бар ма?

 - Құс фабрикаларды су басқан жоқ.

- Зардап шеккен фермерлерге қандай қолдау бар?

 - Қазақстан Үкіметі мен басқа да ұйымдар су тасқынының аграрлық секторға әсерін барынша азайту үшін түрлі шаралар қабылдап жатыр. Бұл шараларға қаржылай көмек, жеңілдетілген несие бағдарламалары, сондай-ақ болашақ су тасқынының алдын алу үшін инфрақұрылымдық инвестиция кіреді. Қолдау бағдарламалары зардап шеккен фермерлерге, соның ішінде төлемдерді кейінге қалдыру және қарыздарды қайта құрылымдау арқылы көмектесуге бағытталған. Аграрлық несие корпорациясы мен Қазагроқаржы қарыз алушыларына төлемдерді кейінге қалдыру және кешіктіргені үшін айыппұл санкцияларының күшін жою ұсынылатын болады. 2024 жылғы кесте бойынша төлемдер жоспары төлемдерді 2025 жылдан бастап кейінгі кезеңге қайта бөлумен түзетілетін болады. Бұдан басқа, мерзімі 2024-2025 жылдары аяқталатын қарыздар бойынша мерзімдерді ұзартуды ұсыну қарыз алушының қызмет саласына байланысты екі жылға дейінгі мерзімге мүмкін болады. Қайта құрылымдауға өтінімдерді қарау егін жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін болады, ал кейінге қалдыру туралы өтініштер құжаттар ұсынылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өңделеді.

- Су тасқыны қайталанса немесе беті қайтпаса салдары қандай?  

 - Ауыл шаруашылығына салдары ауыр. Топырақ эрозиясы мен тозуы орын алады. Егін шығымы төмендейді. Топырақты қалпына келтіру қиынға соғады. Ауылдық жерде жұмыс орындары азаяды. Ауыл тұрғындары қалаға жаппай көще бастайды.

Қазақстан бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы. Су тасқынының күшеюі елдің экспорттық міндеттемелерді орындау қабілетіне әсер етуі мүмкін. Бұл жайт халықаралық сауда мен экспорттан түсетін табысқа теріс әсер етеді. Өнімділік қысқарса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығы да орын алады. Ішкі нарықты қымбат импорт басады.

 Ықтимал салдарды азайту үшін Үкімет пен аграрлық ұйымдар инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыру, суды басқаруды жақсарту, ауылшаруашылық тәжірибесін оңтайландыру және фермерлерді қолдау бағдарламалары сияқты бейімделу стратегияларын енгізуі керек.

 ***

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП және өңірлік палаталар күшейтілген режимде әрекет ету алгоритміне сәйкес жұмыс істеп жатыр. Өңірлерде уақтылы кері байланысты қамтамасыз ету үшін өңірлік палаталардың басшылары облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтар жұмысына жұмылған.

Кәсіпкерлермен кері байланыс орнату үшін 1432 байланыс орталығы жұмыс істейді.

Жергілікті атқарушы органға жүгінген және бизнеске келтірілген залалдың бағасын алған кәсіпкерлерге Қазақстанның сыртқы сауда палатасы форс-мажор басталғаны туралы куәлік береді. Бұл куәлік табиғи апаттар, эпидемиялар, шекаралардың жабылуы, өрттер және т. б. жағдайларға байланысты шарттық міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігін растайды.

 Куәлік шағын бизнеске тегін беріледі.

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің өтініштеріне елдің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінде стратегиялық маңызы бар сала ретінде басымдықтың ең жоғары деңгейі беріледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер