astana-view

«Атамекен» ҰКП Қазақстан туристік қауымдастығын 25 жылдығымен құттықтады

2024 жылғы 21 Мамыр
7724 просмотров

Дереккөз: 34travel.me

Қазақстандық туристік қауымдастығы 1999 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған болатын.

Бүгінде бұл 200-ден астам мүшесі бар туризм субъектілерінің ірі бірлестігі. Қауымдастыққа туроператорлар, турагенттер, гидтер мен экскурсоводтар, сақтандыру компаниялары, оқу орындары, ұлттық парктер, салалық БАҚ кіреді.

2013 жылдан бастап Алматы қаласында ҚТҚ бөлімшесі – туризм саласындағы 17 кәсіп бойынша кәсіби біліктіліктерін тануды жүзеге асыратын «Қонақжайлылық индустриясының сертификаттау орталығы» жұмыс істейді.

ҚТҚ мүшелері ҰКП, мемлекеттік органдар, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісі жанындағы жұмыс топтарының белсенді қатысушылары болып табылады.

Ұйымның кәсіби командасы туристік сала субъектілерінің мүдделерін қорғауда және турбизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға, оның ішінде заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу, өңірлерде бизнес үшін оқыту жүргізу, көптеген проблемалық мәселелер бойынша бизнестің пікірін шоғырландыру және т.б. арқылы елеулі үлес қосады.

Қазақстандық туристік қауымдастықтың басты құндылығы мен сарқылмас ресурсы – оның тұрақты басшылары, идеялық шабыттандырушылары және барлық бастамалар мен жобалардың қозғалтқыштары.

 

Асанбаева Роза Әбдіхамитқызы – ҚТҚ ЗТБ президенті. Ол 2013 жылы құрылған "Атамекен" ҰКП Төралқасы жанындағы Туристік сала комитетін бірінші болып басқарды. Роза Әбдіхамитқызы – Қазақстанның туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы ірі сарапшысы, тамаша адам және жанашыр тәлімгер.

Шайкенова Рашида Рашидовна – ҚТҚ ЗТБ директоры. «Атамекен» ҰКП Төралқасының толық мүшесі, жоғары деңгейдегі кәсіпқой, мемлекеттік органдар жанындағы және ҚР Парламентіндегі туризм жөніндегі барлық маңызды жұмыс топтарының қатысушысы, ҰКП Туристік сала комитетінің белсенді мүшесі.

 

«Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов:

«Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан Қазақстан туристік қауымдастығын 25 жылдығымен құттықтаймын!

Ширек ғасыр – бұл кәсіпкерлерді біріктірудегі маңызды тәжірибе. Елімізде туризмнің тиімді дамуы мен өсуі үшін әрбір кәсіпкердің көмек көрсетуге, сақтандыруға,  мәселелерді шешуге қабілетті біріктіруші күш бар екенін сезінуі тиіс. «Атамекенге» кіретін біздің бірлестіктер осындай күш болып табылады.

Құрметті, Роза Әбдіхамитқызы, Рашида Рашидовна! «Атамекен» барлық жұмыс атқарған кезеңі ішінде бізбен тығыз байланыста жұмыс істейсіз. Өнеркәсіпте туындайтын кез келген қиындық, кез келген проблема немесе стандартты емес жағдай туындаған кезде, сіз әрқашан күшіңіз бен уақытыңызды аямай, қол ұшын созуға дайынсыз.  Біз барлық мәселелерді шешуде әрқашан сіздің байыпты тәжірибеңізге, дана көзқарасыңызға сенім артамыз. 

Сізге және сіздің командаңызға одан әрі табыс, өсу, өркендеу және сәттілік тілейміз!».

 

 

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Туристік сала комитетінің төрайымы Ю. Якупбаева:

«25 жыл – бұл ұйым үшін берекелі жас, бірақ егер адам жасымен есептесек, ойдың жетілуі, энергия, күш-қуат жасы. Одан да ұзақ жасауын тілеймін! ҚТҚ командасына тұрақты даму, саланы өркендету үшін барлық маңызды жобаларды іске асыруға тілектеспін!».

 

Қазақстандық туристік қауымдастықты мерейтоймен құттықтаймыз. Ұйым басшылығына, ұжымына және мүшелеріне жаңа табыстар, туристік саланың игілігі үшін одан әрі кәсіби өсу мен даму, ұйымшылдық, бейбітшілік, амандық және мықты денсаулық тілейміз!

Қазақстандық туризмді сапалы әрі одан сайын көркейте түсеміз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер