astana-view

Фермерлерге ақша қажет: сарапшылар ауыл шаруашылығанда қаржының жетіспейтіні туралы айтты

2024 жылғы 29 Мамыр
6954 просмотров

Қазіргі уақытта ет, сүт, астық өңдеуге және жылыжай шаруашылығын дамыту үшін 446,9 млрд теңге сомасына 91 жобадан тұратын пул қалыптастырылған. Бұл нарыққа қандай әсер ететіні туралы сарапшылар айтып берді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, несие корпорациясының желісімен жалпы құны 81,6 млрд теңгені құрайтын 43 жоба бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазақстанның Даму Банкі 285 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны қаржыландыруды әлі бастаған жоқ, оның ішінде 2025-2026 жылдарға қарай жылына 200 мың тонна тауық етін өндіретін құс шаруашылығы бойынша төрт ірі жоба бар.

Halyk Bank 1,4 млрд теңгеге үш жобаны қаржыландырған және 78,5 млрд теңгені құрайтын 34 жобаның жалпы пулынан 11 млрд теңгеге бес жобаны мақұлдады. Сондай-ақ жем-шөп дақылдарын суаруға 6,9 млрд теңгені қоса алғанда, 48,6 млрд теңгені талап ететін мал шаруашылығын дамыту бойынша 41 жоба қаралуда.

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Қайрат Майышев 2023 жылы мәлімделген ет өндіру көлемі 328 мың тонна болса, 2024 жылы 200 мың тоннаға дейін ұлғаятынын, бұл жалпы көлемді 500 мың тоннадан астамға жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Дегенмен етке деген сұраныс пен халық санының өсуін ескере отырып, 2029-2030 жылдарға қарай ет тұтынушылығы 750 мың тоннаға жететіні туралы болжам бар. Бұл болжамдар етке деген сұраныс, оның құнына және халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне негізделген.

Аталған жобаларды қаржыландыру кепілдік саясаты және қажетті құжаттарды рәсімдеу сияқты мәселелермен бірге жүреді. Бұл қаражаттың уақытылы бөлінуі үшін мұқият болуды қажет етеді. Әрине, Қаржы институттарының өз тәсілдері бар, бірақ олардың сапалы жұмыс істеуі маңызды, деді Қайрат Майышев.

Сарапшы қомақты инвестиция көлемі жоғары сапалы және жедел тәсілді қажет ететінін атап өтті. 2024 жыл басталғанын ескере отырып, қаржыландырудың кешігуі жұмысты күзге қалдырып, бұл олардың тек 2025 жылы толық іске қосылуына әкелуі мүмкін. Осыған қарамастан, мұндай өндіріс көлемі импортқа тәуелділікті қысқартуға және экспортқа шығуға мүмкіндік бермек.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламасын да ескеру қажет. Егер несиелер нарықтық мөлшерлеме бойынша берілсе және субсидиялау Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебінен жүзеге асырылса, бұл пайыздық төлемдер бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттың жеткіліксіздігінен қиындық тудыруы мүмкін. Бүгінгі таңда 2023 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемелер төленбейді, бұл қосымша жүктеме тудырады және жобалардың іске қосылуын бәсеңдетуі мүмкін, деп атап өтті Майышев.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша қазіргі проблемаларды «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Еркен Наурызбеков растады.

«Субсидиялауға бөлінетін  қаражаттың үнемі болмауы қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне, несиелік өнімнің қымбаттауына әкеледі. Қарыз алушы бюджеттен субсидия қаражаты бөлінгенге дейін сыйақының толық мөлшерлемесін өтеуге бос қаражат іздеуге мәжбүр болады. Бұл ретте қарыз алушы несие төлемін 90 күннен аса уақыт төлей алмаса, ол Субсидиялау бағдарламасына қатыса алмай қалады. Биыл осы бағдарлама бойынша қаржыландырудың жеткіліксіздігі тым өзекті. Өйткені 2023 жылы мемлекеттік органдардың сыйақы мөлшерлемесін арзандату жөніндегі міндеттемелері толық көлемде орындалмады. Жедел деректер бойынша осы жылға қосымша қажеттілік 100 млрд теңгеден асады», - деді Еркен Наурызбеков.

Қиындықтарға қарамастан, аталған жобаларды жүзеге асыру жұмыс орындарын құруға, салық түсімдерін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және Қазақстанның экспорттық бағдарын нығайтуға мүмкіндік береді. Отандық тауар өндірушілердің дамуы үшін адал бәсекелестікті сақтап, квоталарды қысқарту да маңызды.

Алайда қазақстандық өндірушілерге жергілікті аграрлық бизнестің мықты қорғалуына байланысты Ресей нарығына шығу қиынға соғуда. Сондықтан мәселенің осы жағын да ескеру қажет, деп, атап өтті сарапшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер