astana-view

АҚШ елшісін Ұлытау өңірінде не қызықтырды?

2024 жылғы 20 Маусым
- Ұлытау облысы
299 просмотров

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Роземблуммен кездесу өтті. 

 Кездесу барысында тараптар даму және ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова палатаның қызметі мен Іскер әйелдер кеңесінің жұмысына жан-жақты тоқталды. Дэниел Роземблумды өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы мен іскер әйелдерді толғандыратын мәселелер қызықтырды. Іскер әйелдер: Сауле Шауенова, Лариса Булавская, Гульнара Загитова, Орынкуль Садвакасова, Шолпан Жангаскинова кеңесінің мүшелері кездесуде өз қызметтеріне тоқталып, өңірге инвестицияны тарту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін айтты.
 
Іскер әйелдердің жұмыс бағыттары алуан түрлі: жеңіл өнеркәсіп, полиграфиялық қызмет, спорт және дене шынықтыру, коучинг, тәлімгерлік және т.б. Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігі Республиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Әйел кәсіпкерлер көптеген салаларда ерлерден кем түспейтін жетекші орындарды иеленуде. Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы ШОБ субъектілерінің 42 пайызы әйелдер бизнесі болса, Ұлытау өңірінде – 58 пайыз.
   Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша Германия, Франция және Жапониямен ынтымақтасады. Әйелдер бизнесін тұрақты дамыту және қолдау қорымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылы Қазақстан Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палаталары одағы жанындағы Кәсіпкер әйелдер комитетін Қазақстан Республикасы әйелдер одағының төрағасы Ләззат Рамазанова басқарды. Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмыс істейді, бизнесті жүргізу бойынша кеңестер береді, халықаралық жобаларға қатысуға көмек көрсетеді, бизнес жобаларды қолдау бойынша жұмыс істейді.
Әйелдер одағы мүшелерінің пікірінше, осы және басқа да бағдарламалар Қазақстандағы әйелдер бизнесін қолдауға және ынталандыруға мүмкіндік береді. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға сенім білдіріп, естелік сыйлықтармен алмасты.


​​​​​​​

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер