astana-view

«AMANAT» партиясының қалалық филиалында Салық кодексінің жобасы талқыланды

2024 жылғы 10 Шілде
5237 просмотров

«AMANAT» партиясының қалалық филиалында «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік орган мен депутаттық корпус өкілдері және бизнес-қауымдастықтың қатысуымен Экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Кездесуде ҚР Салық кодексінің жобасы талқыланды.

Өз сөзінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов ҚҚС бойынша шек мәселесін реттеу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, жаңа Салық кодексін әзірлеу аясында жүктемені теңгерімді ұлғайту мәселесін ескеру қажет екені айтылды.

                                                                 

«Бүгінде жеңілдетілген декларация негізінде АСР-ді кәсіпкерлердің біраз бөлігі пайдаланады. (3% мөлшерлеме В2С және В2В-ге де қатысты қолданылады). Осы санаттағы кәсіпкерлердің шағын бизнестің жаңа АСР-не ауысқан кездегі тауарларды өткізу мен қызмет көрсетуде салық жүктемесі 3%-дан 8%-ға дейін артады», - деді Т. Жаркенов.

Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова микро, шағын және орта бизнес АСР-ін қолданған кезде ҚҚС төлемеуі керек, өйткені ҚҚС бизнестің дамуына мүмкіндік бермейтінін алға тартты.

                                                                  

«Қарапайым әрі жеңіл салық салу жүйесін құру мақсатында  барлық микро, шағын және орта бизнес үшін нөлдік айналымнан 3 млн. АЕК-ке дейін (орта және ірі бизнес арасындағы шек) және бизнес көлемі бойынша сараланған В2С және В2В үшін бірыңғай салық мөлшерлемесін құру қажет», - деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер мен сұрақтар ұсыным түрінде дайындалды.

Айта кетейік, ҰКП салық жүйесін жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмысын әрі қарай жалғастырады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер