Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер Комитетіне жаңа төраға сайланды
2 тамызда «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетінің отырысы өтті. Көпшілік дауыспен Комитет төрағасы болып Нұржан Отарбаев сайланды.
Нұржан Отарбаев «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы лауазымында. Денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар, көптеген республикалық ұйымдарды басқарған. Медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.
Комитет төрағасы лауазымында Нұржан Отарбаев Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетінің саладағы жүйелік проблемаларды шешуге және денсаулық сақтаудың жеке секторын, сондай-ақ фармацевтика мен медицина өнеркәсібін дамытуға бағытталған жұмысын күшейтуге ниетті.
Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетіне фармацевтикалық, медициналық компаниялар мен медициналық қызметтер саласындағы ұйымдардың мүдделерін білдіретін 11 республикалық қауымдастық (одақ), медицина және фармация саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар және т. б. кіреді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: