astana-view

«Атамекен» ҰКП мен «Бәйтерек» ҰБХ бірлескен жобаларды бастады

2024 жылғы 09 Тамыз
6230 просмотров

2024 жылғы 9 тамызда «Бәйтерек» ҰБХ  АҚ-да кездесу өтті. Кездесу барысында пилоттық отандық экополияларды құру туралы төрт инвестициялық меморандумға қол қойылды.

Кездесуде агроиндустриялық аймақтарды (АИА) және өнеркәсіптік кластерлерді қолдауға бағытталған инновациялық бизнес шешімдері талқыланды. Бұл бастамалар инфрақұрылымды құрудан бастап шағын және орта бизнесті біртұтас экожүйеге теңдестірілген интеграциялауға дейінгі барлық циклды қамтиды.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, жаңа модель болашақта инфрақұрылым салу, әлемдік брендтерді тарту және қаржылық мүмкіндіктерді кеңейту үшін түрткі болып, орнықты даму үшін қолайлы жағдай жасалады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бәйтерек» холдингімен бірлесе, бизнеспен жұмыс жүргізіп, 4 стратегиялық жоба ұсынды. Олардың негізгі міндеті – технологияларды трансферттеу, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жеке капиталды, халықаралық компанияларды тарту. Мұндай тәсіл қарапайым міндет болмаса да, барлық инвестициялық бастамаларда сұранысқа ие», - деді Баталов.

Аталған экополияларды құрудың негізі бүгін қол қойылған меморандумдар болды. Атап айтқанда:

  • Қазақстан республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы;

* «Шардара» экспорттық агроөнеркәсіптік кластері АИА (Түркістан облысы) – 84 млрд теңге. Жоба селекция орталығын, 8000 гектар тамшылатып суару шикізат базасын және өңделген өнімнің әртүрлі түрлерін өндіруді біріктіруді қамтиды.

«Шыңғылды көпсалалы кластері» АИА (Алматы облысы) – 29 млрд теңге. Жоба агроорман шаруашылығы питомнигін, 14000 гектар суармалы жерлердің шикізат базасын және сүт өнімдерін өндіруді қамтиды.

* «Aksu-Boskan қант кластері» АИА (Жетісу облысы) – 25 млрд теңге. Гидроэнергетиканы, мелиорацияны және қайта өңдеу өнімдерінің кең спектрін өндіруді біріктіруді қамтиды.

«Бірлік асыл тұқымды қой кластері» АИА (Батыс Қазақстан облысы) – 25 млрд теңге. Жоба австралиялық терең өңдеу технологиясын қолдана отырып, ұлттық қой тұқымын дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Райымбек Баталов экополияға қатысты негізгі қағидаттарға тоқталып өтті. Нақтырақ айтсақ, осы кәсіпорындардың барлығын дамыту ESG және басқа да экологиялық тәжірибелер стандарттарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

«Біз кооперацияның жаңа форматы ретінде экополияларды құрудың айтарлықтай әлеуетін көріп отырмыз. Бұл тек инновациялық шешім ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда тұрақты және бәсекеге қабілетті бизнесті дамытудағы алға жасалған қадам. Бұл жобалар еліміздің басқа өңірлері үшін үлгі болады және отандық өндірушілердің жаһандық нарықтарға шығуына ықпал етеді деп сенеміз», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.

Райымбек Баталовтың пікірінше, бұл бастаманың жетістігі Қазақстандағы инвестициялық ахуалды айтарлықтай нығайтып, оң экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер