astana-view

Инвесторлар үшін маңызды қадам: «Атамекен» ҚР СІМ-мен бірлесіп цифрлық платформа құруда

2024 жылғы 16 Тамыз
6126 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және ҚР Сыртқы істер министрлігі цифрлық инвестициялық платформаны  іске асыруға кірісіп жатыр.
 
ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нахипбековпен және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ұлттық цифрлық инвестициялық платформа базасында интерактивті инвестициялық карта құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Тимур Нахипбековтың айтуынша, интерактивті картаға жоғары басымдық оның ұлттық цифрлық инфрақұрылымның негізгі элементі ретіндегі рөлін айқындайды. Бұл жоба елдің инвестициялық ахуалын едәуір жақсартуға және инвесторлардың ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін жеңілдетуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Сонымен қатар, ол еліміздің барлық өңірлерінде инвесторларға «бірыңғай терезе» арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілетін көпфункционалды кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының ашылатыны туралы жариялады.

Ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің қатарында жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде инвесторларды құқықтық қолдауды, инвестициялық қызметті мониторингілеу мен үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстанда бизнестің дамуына кедергі келтіретін бюрократиялық кедергілерді жоюды атап өтті.

Мұрат Қарымсақовтың пікірінше, бұл меморандум - жергілікті және шетелдік инвесторлардың мүддесі үшін жобаны бірлесіп іске асырудың алғашқы қадамы. Бүгінде жоба пулында 750-ден астам ірі инвестициялық бастамалар бар.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өз кезегінде Инвестиция комитетімен шетелдік инвесторлар үшін жобаларды сүйемелдеудің толық циклі бойынша қызметті тығыз үйлестіру әрі бірыңғай қағидаларды әзірлеу туралы уағдаласты.
Кездесу соңында қатысушылар бірлескен міндеттердің ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету үшін өзара ақпарат пен тәжірибе алмасып отыруға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер