astana-view

Германиядағы бизнес-тағылымдамалар: «Іскерлік байланыстар» құралына 15 жыл

2024 жылғы 20 Тамыз
5322 просмотров

19 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Іскерлік байланыстар» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы мен Германия Федераативтік Республикасы арасындағы «PARTNERING IN BUSINESS WITH GERMANY» серіктестік іскерлік ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген конференция өтті.

Іс-шараға Германия Федеративтік Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің, Елшіліктің және Федералдық экономика және қорғаныс министрлігінің басшылығы жиналды.

«Іскерлік байланыстар» бағдарламасының өзі 2011 жылы іске қосылды, бірінші оператор «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болды. Биыл жобаға 15 жыл толады.

2016 жылдан бері бастаманы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге шетелде тақырыптық іскерлік тағылымдамадан өтуге, сондай-ақ ұқсас профильдегі кәсіпорындарға баруға және шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік беру.

Бұл тағылымдамалар технологиялар трансферті, жабдықты сатып алу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзара жеткізуге, сондай-ақ франчайзингтерді сатып алуға және бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндіктер ашады. Жоба Германияда онлайн және офлайн режимінде іскерлік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі конференцияда Қазақстан-Германия Басқарушы комитетінің соңғы 3 жылдағы жұмысын қорытындысы және болашақта атқарылар жұмыстар пысықталды.

 

Келесі кезекте тәуекелдерді басқару тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинардан кейін бағдарламаға қатысушы ұйым басшылары сөз сөйледі.

Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілі Ульрих Кинне:

«Бұл бағдарлама Германияның Қазақстан үшін сенімді экономикалық әріптес ретіндегі мәртебесін көрсетеді. Бағдарламаға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушылардың ішінен Қазақстаннан Германияға 40 өкіл келді, бұл біздің іскерлік қарым-қатынасымыздың маңыздылығын көрсетеді» - деді.

Оның пікірінше, бағдарламаның негізгі бағыттары жасыл энергетика, экологиялық технологиялар және жаңартылатын энергия көздері болып табылады. Бұл салалар Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығы жөніндегі мақсатына қол жеткізуде шешуші рөл атқарады.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов де өз пікірімен бөлісті.

«15 жыл бойы Германия үкіметінің федералды экономика және климаттың өзгеруіне қарсы күрес министрлігі «Іскерлік байланыстар» құралы іске асырудағы жалғыз сенімді серіктесі болып табылады.

Бағдарламаның нәтижелеріне тоқталсақ, Германияда тағылымдамадан өткен кәсіпкерлержыл сайын орта есеппен 5-6 млн евро сомасына түрлі келісімшарттар жасайды», - деді Құдайбергенов.

Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау федералды министрлігінен келген Герлинд Хекман қазақстандық әріптестеріне алғысын айтты.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне мен  "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына осы бағдарламаны ұзақ мерзімді негізде өмірмен толтырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді», - деп бөлісті Хекман.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков ендігі мақсат – бұл жобаны жаңа деңгейге шығатынын мәлімдеді.

«Біздің «Атамекен» палатасы ретіндегі мақсатымыз сіздердің (жоба қатысушылардың) барлық ұсыныстарыңызды ескере отырып, бұл жобаны ары қарай жетілдіру. Бүгінгі таңда 3 аптаға дейін тәжірибе алмасу кезеңін ұлғайту мәселесі қаралып жатыр.

Сонымен қатар жобаны 2028 жылға дейін мерзімін ұзарту сұрағы талқыланды», - деді Нақыпбеков.

 

Одан соң бағдарлама түлектері жобаға қатысу тәжірибесімен және қысқаша әсерлерімен бөлісті.

2016 жылдан бастап Палата 300-ден астам іскерлік тағылымдама ұйымдастырды, ал қатысушылар саны жыл сайын кемінде 40 қатысушыны құрады.

Жалпы, неміс кәсіпкерлерімен ынтымақтастық мұнымен бітпейді.

Биыл бес мамандандырылған бағдарлама аясында 39 қазақстандық ШОБ субъектісі Германияда экономикалық ынтымақтастық, «ақылды» ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, жасыл технологиялар, сондай-ақ медицина саласы сияқты салалар бойынша бизнес-тәжірибеден өтеді.

«Атамекен» ҰКП Қазақстан мен Германияның мүдделі мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп жобаны жүзеге асыруды жалғастырады. Сонымен қатар, Қазақстан-Германия қарым-қатынасының жоғары деңгейін былтыр ҚР Президентінің Германияға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия канцлері Олаф Шольц айрықша атап өткен болатын.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер