astana-view

Қазақстан астық экспортының географиясын кеңейтуге ниетті

2024 жылғы 23 Тамыз
7225 просмотров

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жаппай жинау қарсаңында Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, дәнді дақылдарды ішкі және сыртқы нарықтарға сатуға бағытталған шаралар әзірленген бірқатар жиын өткізді.

Үкімет пен бизнес-қауымдастық қазақстандық астықтың Қытай, Иран және басқа да елдерге экспортын ұлғайтуға көмектесетін жаңа шараларды енгізу бойынша белгілі бір уағдаластықтарға қол жеткізді. Экспорт географиясы Еуропа мен Африка елдеріне қарай да кеңейетін болды.

Жалпы, дәстүрлі нарықтар мен жаңа импорттаушы елдер тарапынан қазақстандық астыққа жоғары қызығушылық байқалады.

Өткен жылдан қалған астықты ескере отырып, сыртқы нарықтарға дәнді дақылдарды жеткізудің жалпы көлемі 10,0 млн тоннадан астам деп бағаланады. Бұл тауардың барлығын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мүмкіндігінше қысқа мерзімде шығаратын болады.

«Бүгінде негізгі астық дақылына ішкі және сыртқы бағалардың қалыптасқан конъюнктурасын – астық сапасын, оны жинау, сақтау, тасымалдауға жұмсалатын шығындарды, Үкіметтің, ҚТЖ, Азық-түлік корпорациясы мен бизнес қауымдастықтың экспортқа жағдай жасау жөніндегі үйлестірілген жұмысын, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы жеткілікті жоғары сұранысты, экспорттың болжамды орташа бағасын ескере отырып, негізгі дәнді дақылға жұмсақ бидай ҚҚС есебінсіз тоннасына 80-85 мың теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Фермерлер өз астығын уақытында жинап, сақтап, лайықты бағамен сатуға дайын», - деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев.

Жалпы, дәнді дақылдарға баға белгілеу динамикасы кезінде АӨК субъектілерінің астық өсіруге және фермерлердің алдыңғы қолайсыз жылдары туындаған міндеттемелер бойынша төлем қабілеттілігін сақтауға жұмсаған шығындары негізге алынуы тиіс. Осылайша, олар жаңа маусымға тыңғылықты дайындалып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сыртқы нарықтарға шыға алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер