astana-view

АЭС: шағын және орта бизнес мәселелерін шешу жолы

2024 жылғы 05 Қыркүйек
6009 просмотров

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Райымбек Баталов шағын және орта бизнестің қандай мәселелерін шешетіні туралы сөз қозғады.

Бүгінде  шағын және орта бизнес үшін басты проблемалардың бірі электр энергиясымен жеткіліксіз қамтамасыз ету болып отыр. Райымбек Баталовтың айтуынша, бұл мәселе шешілмесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың және инвестициялық жобалардың одан әрі артуы мүмкін емес.

«Тұрақты энергиямен қамтамасыз ету – бұл болашақтың ғана емес, бәсекеге қабілеттілікке де әсер ететін бүгінгі күннің проблемасы», - дейді Баталов. 

Соңғы екі жылда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Түркияның тәжірибесін белсенді зерттеді. Оның ішінде технологиялар, мердігерлер, сондай-ақ шағын және орта бизнес ұсынатын тауарлар мен қызметтер трансферімен танысты.

Сапар нәтижелері бойынша заманауи технологияларды енгізу өнімділікті арттырып, отандық кәсіпорындар үшін мүмкіндіктерді кеңейтетіні белгілі болды.

Атом энергетикасы жоғары технологиялар мен білім берудің жаңа жолдарын ашады. Атом станциясын салу үшін білікті кадрларды даярлау және білім беру жүйесін жаңғырту қажет. Бұл Баталовтың пікірінше, білім және ғылым салаларын жаңа деңгейге шығарады.

Бүкіл әлемдік бизнес үшін көміртегі салығы және өнім экспорты мәселелеріның маңызы өсті. Электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесі шешілмесе, Қазақстанның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін жоғалту қаупі бар.

Атом электр станциясын салу көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуға және елдің инвестициялық тартымдылығына маңызды қадам болмақ.

Сөзін қорытындылай келе, Райымбек Баталов өңірлік кәсіпкерлер палаталарының штабтарға тартылғаны туралы хабарлады. Ол атом станциясының құрылысы кәсіпкерліктің дамуы мен өсуіне ұзақ мерзімді пайда көрсететінін ескере отырып, шағын және орта бизнес оны қолдайтынына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер