astana-view

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 11 жыл

2024 жылғы 09 Қыркүйек
989 просмотров

Кұрметті әріптестер!

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының құрылғанына 11 жыл толып отыр.

Осы жылдар аралығында палата бизнес пен мемлекет үшін сенімді серіктеске айналды.

Біз бизнесті қорғауда өте жауапты жұмыс атқарып келеміз. Кейде салалар мен аймақтардың стратегиялық дамуының пайдасына күрделі шешімдер қабылдауға тура келеді. Мұндай ауқымды жұмыстарды тек өз ісінің шеберлері ғана жүзеге асыра алады деп ойлаймын.

Бүгінде «Атамекенде» 850-ден астам қызметкер болса, оның 640-ы өңірлік палаталарда, 210-ы орталық аппаратта жұмыс істейді. Елімізде 20 өңірлік палата, 134 аудандық филиал, 150 кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс істейді. 214 қауымдастық аккредиттелген.

Біз қауымдастықтар арқылы да, салалық кеңестер арқылы да кәсіпкерлердің мүддесін біріктіре алатын инфрақұрылым құрдық.

11 жылдық туған күнімізді Шығыс Қазақстан облысында өткізуім кездейсоқ емес. Біз бүгін «Восток-Молоко» кәсіпорнында өңірлік кеңес мүшелері және кәсіпкерлермен бірлесіп аймақтың басты мәселелерін талқылайтын боламыз. Шығыс Қазақстан облысының зор туристік әлеуетін ескеріп, біз кеше аталмыш сала бойынша қордаланған проблемалар жайын сөйлестік.

Мен өз атымнан әріптестерімді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Әр ісіміз микро, шағын, орта және ірі бизнеске пайда әкелсін деп тілеймін. Қуатымыз сарқылмай, сәттілік серігіміз болсын! Мен өздеріңізбен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын және бірге барлық сервистік және инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілетеміз деп үміттенемін. Біз Палатаның жұмысын, оның кіріс түрін өзгертіп, келешекте міндетті мүшелік жарналардан бас тарта аламыз. Бұған біз пайдалы, маңызды, мемлекеттік басқару жүйесіне біріктірілген инфрақұрылымды, шешімдерді дайындау мен қабылдауға және қолдау шаралары мен заңдарды бақылауға арналған мемлекеттік машинаны құрғаннан кейін қол жеткізуге болады.

Ел игілігі жолындағы барлық ісіміз жемісті болғай!

 

Райымбек Баталов




Еншілес ұйымдар

Серіктестер