astana-view

Инвестициялық жобалар тізіліміне 700-ден астам жоба енгізілген

2024 жылғы 13 Қыркүйек
6531 просмотров

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Тимур Нақыпбековтың төрағалығымен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен аймақтарда инвестициялық сүйемелдеудің бірыңғай фронт-офисін құру және Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысы мәселелері бойынша кездесу өтті.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыс құралы болып табылады.

Бүгінде инвестициялық жобалар пулының тізіліміне 755 жоба енгізілген. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа «Атамекен» ҰКП мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті арасында қол қойылған меморандум аясында іске асырылуда.  

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өңірлік өкілдерімен бірлесіп платформаны жаңа инвестициялық жобалармен толықтыру бөлігінде өңірлердегі жұмысты күшейтуге шақырды. Ғ.Оспанқұлов платформа аясында облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің өңірге инвестиция тарту бойынша рейтингі жүргізіліп жатқанын атап өтті.  

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Тимур Нақыпбеков «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының бірлескен жұмысы өңірге инвестиция тартуда маңызды рөл атқаратынын айтты. Ол өңірлерде инвестицияларды тарту бойынша барлық құрылымдар бір ғимаратта орналасқан Шымкент қаласының мысалында инвестициялық сүйемелдеудің бірыңғай фронт-офисін құру туралы ұсыныс жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар жүргізіліп жатқан жұмысты өзектендіру және мониторингілеу үшін айына кемінде бір рет кеңейтілген құрамда кездесуге шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер