astana-view

Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰКП Президенттің 2024 Жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы реформаларды талқылады

2024 жылғы 17 Қыркүйек
5735 просмотров

Дүйсенбіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен медицина және фармацевтикалық бизнес өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Фармацевтика, медициналық өнеркәсібі және медициналық қызмет көрсету Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру шараларын талқылау және ҚР Президентінің Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру болды. Нақтырақ айтар болсақ, медициналық сақтандыру жүйесін реформалау, фармацевтика саласының проблемалары, салық саясаты, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, цифрландыру және қосымша медициналық білім беру мәселелері.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов ҚР «Атамекен» ҰКП президиумының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі және медициналық қызмет көрсету Комитетінің жаңа төрағасы Нұржан Отарбаевты таныстырды.

«ҰКП платформасы бүкіл денсаулық сақтау нарығын, соның ішінде фармацевтика және медицина салаларын біріктіреді. ҚР ҰКП жүйелі мәселелерді шешу бойынша талдау жүргізіп, бірлескен ұсыныстар әзірлейді. ДСМ-мен бірге біз проблемалардың оңтайлы шешімдерін табамыз. Бүгінде қордаланған мәселелерді шешу үшін одан әрі бірлесіп жұмыс атқаруымыз керек», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова негізгі мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетіне көшу қажеттілігіне баса назар аударды. Бұл бүкіл халықты, оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалған 3,3 млн астам қазақстандықты кешенді медициналық қамтуды қамтамасыз етеді. Медициналық қызметтерге қолжетімділікті жақсартатын және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірыңғай әлеуметтік кепілдік бағдарламасын құру маңызды ұсыныс болды.

«Жүйелі және стратегиялық мәселелер бар. Ол туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше айдан бері пакеттерді біріктірумен айналысып жатыр. Біз қаржы ресурстарының ағынын теңестіруіміз керек. Бұл бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, медициналық сақтандыру жүйесінің өзін тартымды етеді. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі атынан Жолдау аясындағы жоспарлы бастамаларымызға «Атамекен» ҰКП мен бизнестен қолдау сұраймыз», - деді министр.

«Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының атқарушы директоры Инна Стратулат өз сөзінде денсаулық сақтау қызметтерін жаппай қамту үшін жағдай жасау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ішінара қорды ұстауды және медициналық қызметтерге қосымша ақы төлеуді енгізу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар фармацевтика мен медицина саласын дамытудың маңызды мәселесін көтерді. «Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту» қауымдастығының президенті Марина Дурманова саладағы өзекті мәселелерді талдап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Атап айтар болсақ, отандық өндірушілер үшін жағдайды жақсарту, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға белгілеу тетіктерін қайта қарау, сондай-ақ, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту және өндірістік қуаттарды дамытуға инвестиция тарту бар.

ҚР жаңа Салық кодексімен байланысты тәуекелдерді талқылау барысында медициналық қызметтерге және оның бағаларына, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шығындардың ықтимал өсуіне, сәйкесінше инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне қатысты алаңдаушылықтар анықталды. «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов жеке инвестицияларды ынталандыру аясында қолданыстағы салық жеңілдіктерін сақтауды және оларды қайта қарауды ұсынды.

Жиында МЖӘ мәселелері, сондай-ақ инвестицияларды тарту және денсаулық сақтау саласын дамыту, инвестицияларды қайтару кепілдігін қамтамасыз ету бойынша тиімді әріптестік моделін құру қажеттілігіне баса назар аударылды.

Талқылауда бүгінде тек аккредиттелген жеке білім беру ұйымдарын шектейтін университеттер, колледждер мен Ұлттық ғылыми орталықтар ғана жүзеге асыратын қосымша медициналық білім беру саласындағы проблемалар да қозғалды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жетілдіру мәселесін бірлесіп пысықтауға дайын екендіктерін жеткізіп, жоғары оқу орындарындағы ақылы орындар санын оңтайландыру жоспарын жариялады. Бұл білім сапасын арттыруға және оқу орындарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Фармацевтика, медициналық индустрия және медициналық қызмет комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұсынылған реформаларды жүзеге асыруға және медициналық сақтандыру жүйесі мен қамтамасыз етуді жақсартуға дайын екендіктерін айтты. Жүйені цифрландыру, медициналық білім беру сапасын арттыру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту басым бағыттардың қатарында қалып отыр. Жиын соңында Денсаулық сақтау министрі барлық талқыланған бастамалар мен іскерлік ұсыныстар қарастырылатынын жеткізді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер