astana-view

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

2024 жылғы 11 Қазан
1941 просмотров

Сатып алуды реттеу департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы №676 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2024 жылғы 8 қазанда № 35223 болып тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР ҚМ 11.12.2015ж. № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Бұйрықтың мәтінімен және салыстыру кестесімен Мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетінен танысуға болады (https://goszakup.gov.kz/pv2/prikaz_08102024_ru.rar).

Қабылданған өзгерістер электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін есептеу бөлігінде талаптарды күшейту болып отыр.

Осы ретте, электрондық депозитарийге қосымша мәліметтер мен құжаттарды енгізу және Қазынашылық комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері тарапынан растау үшін 2024 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі уақыт белгіленген.

Әлеуетті өнім берушілер көрсетілген кезеңде қосымша құжаттарды енгізбеген не Қазынашылық комитеті Қағидалардың 96-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешім қабылдаған жағдайда, «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі «Белсенді емес» мәртебесіне ауысады және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жарияланған сатып алуларда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшаттарды есептеу кезінде ескерілмейді.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер