astana-view

Райымбек Баталов пен Аббас Шахин цифрлық инвестициялық платформа арқылы ынтымақтастықты талқылады

2024 жылғы 18 Қазан
3650 просмотров

Ұлттық палатада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов, ҚР Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, Түрік және Қазақстан Іскерлер қауымдастығы (ТУКИБ) Басқарма төрағасы, «Алсим Аларко» компаниясының Алматыдағы филиалының директоры Аббас Шахин арасында маңызды кездесу өтті.

Күн тәртібінде тараптар қауымдастық пен Палата арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін кезеңді түрде талқылау тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылады.

Қос ұйым басшылары ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы синергия мен жетекші компаниялар арасындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов түрік тәжірибесін пайдалана отырып, инфрақұрылымдық жобалардың практикалық мәселелерімен айналысатын арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Бұл жұмыс тобы Түркияда бар тәжірибемен инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыс істейтін болады, сонымен қатар біз Ұлттық палата ретінде кейіннен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары деңгейінде бастамашылық жасай алатын жаңа ережелер жобасын әзірлей аламыз», - деді Райымбек Баталов.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа: шетелдік серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер

ТУКИБ атқарушы директоры Анзор Гусейнов Ұлттық цифрлық инвестициялық платформамен өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөлісті.

«Ұлттық палата Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірлесіп әзірлеген Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны ерекше атап өткім келеді. Онымен танысқаннан кейін платформаның шетелдік серіктестер үшін құнды ресурс екенін нақты айта аламын, өйткені ол ынтымақтастық үшін барлық қажетті ақпаратты береді», - деді ТУКИБ атқарушы директоры Анзор Гусейнов.

Сондай-ақ, ҚР Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов платформада түрлі салалар мен аймақтарға арналған ұсыныстарды қамтитын шетелдік инвесторлардың тізілімі ұйымдастырылатынын, оның шетелдік іскер серіктестер үшін бірегей әрі функционалды құрал болатынын қосты.

Аталған кездесуде Қазақстан мен Түркияның бизнес және инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимылының стратегиялық маңыздылығы атап өтілді, бұл екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер