astana-view

ҰКП-да тауардың шығу тегін сертификаттау мәселелері бойынша оқыту өтті

2024 жылғы 18 Қазан
3631 просмотров

Ұлттық палата алаңында тауардың шығу тегі туралы сертификатты, оның ішінде индустриялық сертификатты ресімдеуге, куәландыруға және беруге уәкілетті тұлғалар мен кандидаттарға арналған оқыту ұйымдастырылды.

Тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша мамандарды жыл сайын оқыту тауардың шығу тегін сертификаттау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ осы саладағы жұмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады. 

Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі қағидаларға, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ халықаралық келісімдердің талаптарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы экспорттық сертификаттар беру рәсімдеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, преференциялық және преференциялық емес режим шеңберінде тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережелерді, ЕАЭО кедендік аумағынан шығарылатын тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді, ЕАЭО (Сербия Республикасы, Вьетнам Республикасы және Иран Ислам Республикасы) шеңберіндегі қолданыстағы еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шыққан елін айқындау жөніндегі талаптарды практикалық имплементациялау мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссияның және Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасының қазіргі қызметкерлері қатарынан шақырылған сарапшылармен талқыланды.

Техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелерін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитеті департаментінің және Қазақстан стандарттау және метрология институтының сарапшылары жеткізді.

Іс-шара лекторлары оқытуға қатысушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары деңгейін атап өтіп, осындай білім беру бастамаларын жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Оқыту тауардың шыққан елін анықтау бойынша әрбір маманның біліктілігін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы барлық сарапшыға алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер