astana-view

Нысанада - заңсыз дәрі-дәрмектер! Көлеңкелі нарықпен күресу

2024 жылғы 23 Қазан
1732 просмотров

Подкастымыздың жаңа шығарылымында біз Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың негізгі проблемаларын талқылаймыз.

Дәлірек айтсақ, дәрі-дәрмек тапшылығынан бастап жоғары импорт пен бағаның өсуіне дейінгі мәселелер туралы әңгіме өрбітеміз. Жүргізуші Қайрат Көкенов
 «Атамекен» ҚР ҰКП медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахмановамен бірге бағаны мемлекеттік реттеу, отандық өндірушілердің үлес салмағының төмендігі және 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалауды енгізу қиындықтарын жан-жақты қарастырады.

Жаңа салықтық өзгерістердің әсері, дәрілерді тіркеу мәселелері, сондай-ақ, нарықтың келешегі және көлеңкелі айналыммен күрестегі таңбалаудың рөлі туралы білетін боласыз. Бизнестегі негізгі мәселелерді жіберіп алмау үшін біздің арнамызға жазылыңыз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер