astana-view

Ұлттық палатада «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында тұрғын үй объектілерін іске асыру мәселесі көтерілді

2024 жылғы 13 Қараша
3383 просмотров

Бас прокуратураның қатысуымен «Атамекен» ҰКП алаңында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында іске асырылатын тұрғын үй кешендерін салуға және пайдалануға беруге қатысты мәселелер талқыланды.

Мәселен, ТК салу және пайдалануға беру жөніндегі қызмет түрі ағымдағы жылдың ақпан айында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басым қызмет түрлерінің тізбесінен алып тасталды (2024 жылғы 22 ақпандағы №72 Министрліктің бұйрығымен бекітілген).

Тамыз айында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі АЭА-ның барлық қатысушыларына аталған өзгерістердің кері күші болмайтынын және жоғарыда аталған өзгерістер күшіне енгенге дейін басталған жобаларға әсер етпейтінін атап өтті. Бұл АЭА аумағында тұрғын үй объектілерін іске асыру үшін жасалған ағымдағы шарттар ұзартылатынын және міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болатынын білдірді.

Сонымен қатар, Астанадағы АЭА аумағында жобаларды іске асыруға жауапты «Astana Invest» инвестицияларды дамыту қалалық орталығы аталған өзгерістер күшіне енгенге дейін жасалған АЭА ТК салуды жүзеге асыратын құрылыс салушылармен қолданыстағы шарттарды ұзартпауды қажет деп санаған. Негіздеме ретінде Бас прокуратураның биылғы 10 қазандағы ұсынысы келтірілді.

«Атамекен» ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Ирина Манжанова қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, прокуратураның іс-әрекеттері адал бизнеске теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтті:

«Қолданыстағы шарттарды ұзарту қажет, әйтпесе біз өз міндеттемелерін орындап жатқан құрылыс салушыларды жазалаймыз», - деді.

«Атамекен» ҰКП алаңында өткен кездесуде құрылыс бизнесінің өкілдері Бас прокуратураның ұсынысына сілтеме жасайтын «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының талаптарына күмән келтірді. Олардың пікірінше, құжатта нормативтік-құқықтық актіге енгізілген өзгерістерге байланысты қолданыстағы шарттарды ұзартудан бас тарту қажеттігі туралы тікелей нұсқау жоқ.

Сонымен қатар, билік органдарының әрекеттеріне байланысты құрылыс бизнесі өкілдерінде АЭА-да іске асырылатын құрылыс объектілері үшін құрылыс материалдарын кедендік рәсімдеу проблемалары туындаған.

«Кеден органдары техниканы кедендік рәсімдеуден өткізуден бас тартуда, бұл өз кезегінде құрылыс мерзімін ұзартып, шығындарды арттырады. Біз қосымша шығындарға тап болдық және үлескерлер алдындағы міндеттемелерімізді орындай алмаймыз. Әр күн бізге орташа есеппен 6 млн теңге көлемінде», - деп атап өтті Mabco construction SА фирмасының өкілі.

Бас прокуратураның өкілі отырысқа қатысушыларды АЭА аумағында тұрғын үй кешендерінің жобаларын іске асыратын құрылыс салушылармен қолданыстағы шарттарды бұзу және ұзартудан бас тарту процесі қазіргі уақытта тоқтатылғанын және жақын арада ағымдағы жағдайды ескере отырып қайта қаралатынын жеткізді.

Осылайша, Бас прокуратура мемлекеттік органдармен және «Astana Invest»-пен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізеді және осы мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын болады.

«Атамекен» ҰКП бизнес мүдделерін қорғау мақсатында істің мән-жайын бақылауды жалғастырады және аталған мәселені кәсіпкерлік субъектілерінің пайдасына шешілетініне үмітпен қарайды. Бас прокуратураның шешімін күтеміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер