astana-view

Орталық Азия трансшекаралық сауданы жеңілдету үшін бірігуде

2024 жылғы 19 Қараша
728 просмотров

Қазақстан Ташкентте өткен Орталық Азия елдерінің саудаға жәрдемдесу жөніндегі Ұлттық комитеттерінің (СЖҰК) Аймақтық отырысына қатысты. Халықаралық ұйымдардың, бес елдің мемлекеттік және жеке секторларының өкілдері сауданы жеңілдету шараларын іске асыру барысы, өңірлік ынтымақтастық перспективалары және сауданы дамыту үшін цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.

Іс-шарада аймақ елдерінің халықаралық жеткізу тізбегіндегі ұстанымдарын нығайту үшін цифрлық технологияларды интеграциялау және сауда рәсімдерін үйлестірудің маңыздылығы көтерілді. Қазақстандық делегация сауданы жеңілдету мақсаттарына адалдығын қуаттады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) аймақтық ынтымақтастықтың келесі бағыттары бойынша жұмыс топтарының кездесулерін ұйымдастырды:

  • Сауда процедураларын цифрландыру және қағазсыз сауданы дамыту;
  • Орталық Азиядағы көлік-транзитті дамыту тұжырымдамасын әзірлеу, онда аймақтың көліктік байланысын арттыру және логистикалық инфрақұрылымды жақсарту жолдары талқыланды;
  • Электрондық фитосанитариялық сертификаттарды (ePhyto) енгізу. Бастама ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау процестерін жеңілдетуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.
  • Шекарадан өтуді жеңілдету және жүктерді өңдеу уақытын қысқарту үшін транзиттік рәсімдерді автоматтандыру жолдарын ескере отырып, TIR жүйесін (eTIR) цифрландыру.

Кездесу барысында қазақстандық делегация халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту мәселелері шараларын да атап өтті. Осылайша, бүгінде үкіметаралық келісімдер негізінде 42 мемлекетпен тасымалдау жүзеге асырылуда. 2023 жылы 7,6 млн тонна жүк тасымалданды, қазақстандық операторлардың үлесі 50%-ды құрады. Қазақстанның 2022 жылдан бастап Иранмен және Үндістанмен, 2023 жылдан бастап Қытаймен және бір күн бұрын Түркіменстанмен визасыз режим орнатып, тасымалдаушылардың әкімшілік рәсімдерін жеңілдеткені ерекше назарға алынды.

«Өңірлік кеңес барысында транзиттік-көліктік әлеуетті арттыру бойынша белгілі бір ұсыныстар қабылданды. Ол қазіргі жағдайды, ережелерді және кедергілерді жоюды ескереді», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаменті директорының орынбасары Қуаныш Ермұханов.

Іс-шара аясында басым міндеттер бойынша жұмыс кездесулері де болды. Өңірлік кеңеске қатысушылар «Шүкірсай» сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын кеден бекетінде болып, кедендік әкімшілендіру әдістерімен және мультимодальді тасымалдау тәртібімен танысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер