astana-view

«Атамекен» ҰКП-да Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитеттің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды

2025 жылғы 24 Желтоқсан
593 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР ҰКП Төралқасының Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитетінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Комитет төрағасы Асланбек Қуандықұлы Жақыпов 2025 жылға арналған қызмет қорытындылары туралы баяндама жасады. Есепті кезеңде Комитеттің өзін-өзі реттеу институтын дамыту, заңнаманы жетілдіру, экономиканың негізгі салаларында ӨРҰ қолдану тәжірибесін кеңейту бойынша ауқымды және жүйелі жұмыс жүргізгені атап өтілді.

2025 жылы Комитет 14-тен астам отырыс пен кездесу өткізіп, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша 20-дан астам талдамалық қорытынды әзірледі, сондай-ақ 10-нан астам мемлекеттік органмен белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз етті. Коллекторлық, жылжымайтын мүлік, туризм, санитарлық-эпидемиологиялық, көлік және құрылыс салаларында ӨРҰ-ны енгізу мен дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Бірқатар салада ведомствоаралық комиссиялар мен Парламент деңгейінде өзін-өзі реттеуді енгізу немесе қолдау жөнінде шешімдер қабылданды.

Есепті жылы заңнамалық бастамаларды ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінді. Комитет ҚР Парламенті Мәжілісімен жүйелі жұмыс қалыптастырып, сараптамалық кездесулер мен қоғамдық талқылаулар өткізді. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді және ӨРҰ қолдану аясын кеңейту боынша ұсыныстар әзірленді.

Отырыс нәтижесінде Комитет мүшелері ұсынылған жұмыс нәтижелерін қолдап, әкімшілік жүктемені төмендетудің және бизнес жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы ретінде өзін-өзі реттеу институтының дамуындағы оң динамиканы атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста комитеттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді. Құжат ӨРҰ -ға қойылатын талаптарды одан әрі жүйелеуді, мемлекеттік органдармен салалық кеңестер өткізуді, заңнамалық жұмысты жандандыруды және экономиканың жекелеген секторларында өзін-өзі реттеуді қолдануды кеңейтуді көздейді.

Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлік қоғамдастық пен елдің тұрақты экономикалық дамуы мүддесінде өзін-өзі реттеуді дәйекті, сараланған және тәжірибеге бағдарланған тұрғыда дамытудың маңыздылығы атап өтілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер