astana-view

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

2014 жылғы 16 Маусым
- Ақтөбе облысы
9515 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары  өңір кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Атап айтқанда, медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттарын шығарумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын «Ақтөберентген» АҚ және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған  пластикалық құбырлар өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорын "Ақтөбе бейметалл құбырларын жасау" зауытын аралады.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы кәсіпорындар жұмысымен танысқаннан кейін  облыстық Кәсіпкерлер палатасы қызметкерллері мен Өңірлік кеңес мүшелерінің қатысуымен жұмыс кеңесін  өткізеді.   Кеңесте  25 маусымда   өтетін ҚР ҰКП І Съезінде  Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы тарапынан  айтылатын ұсыныстары мен нұсқаулар, сондай-ақ өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелерді жете талқылау жоспарланған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер