astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы І Съезіне БАҚ өкілдерін тіркеу

2014 жылғы 23 Маусым
3840 просмотров

17 маусым мен 24 маусым аралығында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы І Съезінің жұмысын ақпараттандыруға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу жұмысы жүргізілуде.

ҚР ҰКП І Съезі 2014 жылғы 25 маусымда сағат 11:00-де Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында (Тәуелсіздік даңғылы, 25) өтеді.

 

БАҚ өкілдері тіркелу үшін pr@palata.kz электрондық поштасына өтінім тапсырулары қажет. Өтінімде міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • БАҚ атауы;
  • БАҚ өкілінің аты-жөні, тегі;
  • жеке куәлігінің нөмірі;
  • фото-, видеокамера маркасы және нөмірі;
  • БАҚ және оның өкілінің байланыс нөмірлері.


Бейдждердің берілу тәртібі:

• Тіркеуден өткен БАҚ өкілдерінің бейдждері Тәуелсіздік сарайында тіркеуден өткізу орнында 2014 ж. 25 маусымда сағат 9:00-ден 10:30-ға дейін беріледі.

• Бейджді алу барысында БАҚ өкілінде өзімен бірге жеке куәлігі немесе қызметтік куәлігі болуы керек.

• Бейджді үшінші тұлғаға тапсыру ҚР ҰКП І Съезінің жұмыс тәртібін бұзу болып табылады, кері жағдайда тіркеуге алынған тұлға тіркеуден шығарылады. 

Журналисттерге  арнайы ҚР ҰКП І Съезінің материалдары, сондай-ақ баспасөз материалдарының топтамасы USB тасымалдағышта ұсынылады.

Барлық сұрақтар бойынша ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаментіне +7 (7172) 91-93-67 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер