astana-view

Реттеушілік әсерді талдаудың дамуы бизнес мүддесін қорғауға көмектеседі

2014 жылғы 14 Тамыз
4636 просмотров

Бұл туралы ҰКП және мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) бойынша үш күндік практикалық семинар өткізе отырып, реттеушілік реформа жөніндегі жетекші халықаралық сарапшылардың бірі Скотт Якобс мәлімдеді.

Белгілі маман реттеушілік әсерді талдау функциялануының 300 жылдан астам әлемдік тәжірибесі туралы айтып берді. Реттеушілік әсер тәжірибесін қолданушы әрбір ел бойынша егжей-тегжейлі мысалдар келтірілді. Бұл – АҚШ, Еуропалық одақ елдері және т.б.

Семинар жеті негізі сессияға бөлінді. Олардың барысында реттеушілік әсерді талдауға шолу, оның мақсаты және нәтижелері жасалды. Сарапшы сонымен қатар басынан бастап РӘТ-ті дұрыс жүргізу туралы, РӘТ негізгі тұжырымдамалары туралы, оны іс жүзінде қолдану, талдамалық әдістерді таңдау және талдауды ұсыну туралы айтып берді.

Скотт Якобс РӘТ процесінің келесі қадамдарын ерекшелеп берді: РӘТ жоспарлау, проблеманы анықтау және мақсаттарды қою, нұсқаларды таңдау және мәліметтерді жинау, РӘТ бойынша талдау жүргізу және консультациялар, саясат жобасын жасау, РӘТ және саясат ұсыныстарының ақтық нұсқаларын рәсімдеу.

Скотт Якобс

ҚР ҰКП бұл семинар уақытында өткізіліп отыр деп санайды, себебі реттеушілік әсерді таңдау қазақстандық заңнамада да қолданыла бастайды.

2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңында енгізілетін рұқсат беру немесе хабарламалық тәртіптен пайда мен шығынды салыстырудың белгілі бір талдамалық процедурасы ретінде түсіндірілетін және мемлекеттік реттеу мақсаттарына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін рұқсат беру немесе хабарламалық тәртібінің реттеушілік әсерін талдау туралы ережелер бар.

Сонымен қатар 2020 жылға дейін Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілер жобасын көпшілік талқылау және реттеушілік әсерді талдау негізінде заң шығаруды жетілдіру көзделген.

Сонымен бірге 2020 жылға дейінгі Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі кешенді жоспарда техникалық реттемелердің реттеушілік әсерін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар жасау, сондай-ақ бюджеттік қараджат бөлумен техникалық реттемелердің реттеушілік әсерін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды қолдану бойынша семинарлар өткізу көзделген.

Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Астана қаласында Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қойды. Оның аясында Еуразиялық экономикалық комиссия кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсерін тигізуі мүмкін шешімдер жобысының реттеушілік әсеріне бағалауды жүргізу бойынша міндеттемелерді бекітті. РӘБ процедурасы ЕЭК Реттемесінде шешімдер жобаларының РӘБ процедурасын жүргізудің жеке Тәртібімен бекітілетін болады деп жоспарлануда.

Бұл институтты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізу туралы ұсынысты ҚР ҰКП бастамалағанын атап өту керек.

Еуропалық комиссияда РӘБ 1986 жылдан бері дамып келе жатқанын атап өту қажет. Сонда Ұлыбританияның төрағалығы кезінде ол бизнеске әсерді бағалау форматында енгізілген. Қазір Еурокомиссияда бағалаудың «үшінші буыны» әрекет етуде. Ол тұрақты әрекет ететін ведомствоаралық органның  (RIA Board) деңгейіне көтерілген. Оны комиссия аппаратының  вице-шефы басқарады және бас директораттардың (министрліктер) реттеушілік бастамалары үшін іс жүзінде оқшаулаушы өкілеттігіне ие. Еуропалық комиссия жүргізетін РӘБ-мен бірге Еуроодақ елдерінің көпшілігі осыған ұқсас механизмдерге ие, ал жақында Еуропалық парламентте де РӘБ бөлімі пайда болды.

ҚР ҰКП РӘТ аспаптарын қолдану кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну, қамтамасыз ету және қорғаудың негізгі құралы болып табылатын болады деп санайды.

«Бұл шын мәнісінде Қазақстан үшін жақсы кезең – РӘТ енгізу бойынша алға жылжу. Ал бұл жағдайда осы тақырып бойынша үш күндік семинар ұйымдастырған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көшбасшылығы маңызды болып табылады, себебі реттеушілік әсерді талдау өте тиімді, әсіресе кәсіпкерлер үшін», - деп атап өтті Скотт Якобс.

Сонымен бірге ол РӘТ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуынсыз табысқа жетпейтіндігін баса айтты.

«ҰКП бизнестің мүддесі үкіметтің әрекетін, яғни Үкімет енгізетін бүкіл реттеушілік база әрекетін талдауда ұсынылғандығын қадағалауға тиіс. РӘТ қолдану жолдарын бизнестің түсінуі үшін, ал министрліктер мен ведомстволар өз кезегінде осы талдауды қамтамасыз етудегі Ұлттық палатаның рөлін түсінуі үшін қуатты дауыс болуға тиіс», - деп атап өтті Скотт Якобс.

Сарапшының айтуынша, реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) әлемнің 65 елінде қолданылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер