astana-view

Біз сізге, сіз бізге

2014 жылғы 20 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
10648 просмотров

Солтүстік қазақстандық кәсіпкерлердің шамамен 45 пайызы мемлекеттік қызметтер алу кезінде жемқорлыққа тап болып жатады.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесу брысында хабарлады.

Үкіметтік емес сектор өкілдерімен кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды. Қатысушылар атап өткендей, бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлік ортада оның кез-келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру үшін жүйелік жағдайлар жасау мәселелері өзекті болып қала береді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиевтің айтуынша, бизнес құру және жүргізу кезінде әкімшілік процедураларды жеңілдету және ашықтығын көтеру, артық әкімшілік кедергілерді алып тастау тұрғысынан Кәсіпкерлер палатасы жұмысты белсенді түрде жүргізуде. Сонымен, биылғы жылдың басында 30 мемлекеттік қызметке қоғамдық монитоинг жүргізілді.

«Талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің ескертулері мен шағымдарының көпшілігі СЖТ беру, кедендік тазарту және тауар шығару, жер телімінің мақсаттық тағайындауын өзгертуге рұқсат беру, жерге орналастыру жобаларын бекіту сияқты қызметтерге қатысты болды. Сауалнама жүргізілген бизнес субъектілерінің шамамен 45%-ы мемлкеттік қызмет алу үшін қалыптасқан жағдайлар мәселелерді заңсыз жолмен шешуге жүгінуге мәжбүрлейтінін көрсетті. Оның үстіне, жемқорлыққа көбінесе ісін жаңа бастаушы кәсіпорындар тап болып жатады», - дейді Жеңіс Қазиев.

Ол сонымен қатар, сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлер өз бизнесін жүргізу процесінде жемқорлық бейімделу кезеңінен өтеді де, нәтижесінде жемқорлық қатынастар жүйесіне еніп кететінін атап өтті.

Палата директорының орынбасары хабарлағандай, Өңірлік палата анықталған бұзуларды жою бойынша кешенді шаралар қолдану үшін, Үкіметке және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке қоғамдық мониторинг нәтижелерін бағыттады.

«Бизнестің дамуына кедергі келтіретін және жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау мүмкіндігіне көмектесетін нормаларды анықтау бойынша бірлескен жүйелік жұмыс кәсіпкерлерге деген әкімшілік жүктемені айтарлықтай төмендетеді және өңірдегі бизнес-климатқа жағымды әсерін тигізеді», - деп қорытты Жеңіс Қазиев. Ол сонымен қатар бұл жұмыстағы мемлекеттік деңгейдегі маңызды фактор 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қабылдау болады, деп қосты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер