astana-view

Өңірлік кеңестің мақсаты мен міндеттері

          Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі 2013 жылғы 22 қазанда құрылды.

          Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

         Өңірлік кеңес міндеттерін орындау мақсатында келесі функцияларды орындайды:

         - өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу;

басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу;

        - съезге делегаттар сайлау;

        - өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылау;

        - өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;

        - съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

        - өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келісу;

        - кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу;

         - өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешу.

         Кеңес құрамында кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар мен кәсіпкерлер енген. Өңірлік кеңес құрамында шағын және орта бизнес, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, жүйе құраушы және қала құраушы (системообразующих и градообразующих) секілді 4 сектор жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік нысандары бойынша Өңірлік кеңес құрамына шағын және орта кәсіпкерліктің 9, ірі кәсіпкерліктің 7, бизнес қауымдастықтың 3, барлығы 19 кәсіпкер енгізілді. Ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардың бастамаларын қолдау мақсатында барлық ауданда аудандық кәсіпкерлер кеңестері құрылды. Аталмыш кеңес құрамына 10, 12 кәсіпкерден енгізілген, төрағалары сайланған.

          Өңірлік кеңес отырысы ай сайын өткізіліп тұрады. Бүгінгі күнге дейін кеңестің 26 отырысы болып, онда 59 мәселе талқыға түсті. Осының нәтижесінде кеңес шешімімен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы құрылды. Тағы айта кетерлігі, индустриалдық аймақты дамыту тұжырымдамасы, «2020 жылға дейінгі облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың Жол картасы» бекітілді. «Сервис және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы» құрылып, оның аясында Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін облыстық білім басқармасымен бірге әріптестік басқару енгізілді.  «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020», «Агробизнес - 2020» және өзге де мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне тұрақты түрде мониторинг жасалады.

          Өңірлік кеңес мүшелері тек қана кеңес жұмысымен ғана шектеліп қалмайды. Қаржы ресурстарына қатысты аудандарға, елді мекендерге шығып түсіндірме жұмыстарын жүргізуге де атсалысуда.

         

Еншілес ұйымдар

Серіктестер