astana-view

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 8 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

1) Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді Құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудандар, өңірлер, республика бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешу.

3. Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Түркістан облысының кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. Түркістан облысының агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының орталық кеңсесі Түркістан қаласы, Қожанов көшесі, 42 мекенжайында орналасқан.

Түркістан облысының ӨКП қабылдау бөлмесі: 8 (72533) 5-98-98, ҚР ҰКП call-center: 1432.

Консультациялар дүйсенбі- жұма жұмыс күндері сағат 9.00 - 18.30 аралығында жұмыс жасайды.

Сервистік қызметтерді портал арқылы онлайн форматта алуға болады https://g4b.kz/, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) Офлайн)

Барлық мәселелер бойынша «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына 1432 хабарласуды сұраймыз.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалары:

Facebook: https://www.facebook.com/groups/turkestankz 

Instagram: https://www.instagram.com/turkistan.atameken/

Telegram: https://t.me/msbturkestan

Еншілес ұйымдар

Серіктестер