ЕЭК мен "Атамекен" ҚР ҰКП бірлесіп ЕАЭО аумағында антимонополиялық реттеу мәселелерін талқылайды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер паталасында ЕЭО-тың трансшекаралық нарығында антомонополиялық реттеу мәселелері талқыланбақ
Мәжілісте Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі алқа мүшесі Нұрлан Алдабергенов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев, Қазақстан бизнес-қауымдастықтарының өкілдері, өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысады.
Отырыстың күн тәртібінде Комиссия мен ЕАЭО мүше мемлекеттердің Ұлттық антимонополиялық органдарының арасында бәсекелестік тәртібі заңсыздықтардың алдын алу құзыретін шектемеу мәселері, сондай-ақ, жосықсыз бәскелестік туралы істерге қатысты арыз-шағымдарды қарау үдерісі, тергеу жұмыстары бәсекелестікке қарсы келісімдер (картель) талқыланбақ.
Сондай-ақ, ЕАЭО-тың трансшекаралық нарықтарындағы бәскелестіктің ағымдағы жағдайы сөз болады.
Іс-шараның болатын күні мен уақыты: 20-мамыр 2015 ж, сағат 10.00
Іс-шараның өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, «Изумрудный квартал» ӘҒ, 26-этаж, «Түркістан» мәжіліс залы
БАҚ өкілдері міндетті түрде аккредиттелуі тиіс.
Аккредиттелу уақыты 19-мамыр 2015 ж., сағат 20:00-ге дейін.
ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаменті:
+7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz
Ресми веб-сайты: www.palata.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: