astana-view

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның көлеңкелі экономика және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы

2016 жылғы 18 Ақпан
5096 просмотров

Неліктен кәсіпорындар мемлекеттік сатып алу кезінде едәуір шығынға ұшырайды? Тауардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификаттарын беру мәселесі реттеле ме? Ұлттық палата мемлекеттік органдардың жұмысын қалай бағаламақ?

Осы және өзге де мәселелер Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен «Атамекен» ҚР ҰКП-ның көлеңкелі экономика және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 6-шы отырысында қаралды.

Талқылауға ұсынылған ең алғашқы мәселелердің бірі – мемлекеттік тапсырыс төңірегінде туындайтын проблемалар. Кеңестің алдыңғы жиынында өңірлік кәсіпкерлер тарапынан түскен алаяқтықтың кесірінен бизнеске келтірілетін мүліктік шығындар мен шенеуніктердің кері әсері жөніндегі бизнеске зиян келтіретін фактілер айтылған болатын. Сонда Кеңес ҰКП-на ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық зерттеулер қызметіне шағымдануға кеңес берген. Алайда, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленконың айтуынша, құзырлы органдар Ұлттық палатаның үндеуіне немқұрайлы қарап, шенеуніктердің қылмыстық-жазалаушы әрекеттерін (әрекетсіздігін) ескермеген. «ШҚО және Қарағанды облыстарындағы Мемлекеттің кіріс департаментінің өкілдері  үндеуді ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттігіне бағыттаған. Ал олар  облыстардың әкімшіліктеріне жіберген», – дейді ҰКП өкілі. Алайда, ҰКП өкілдерінің пікірінше, кәсіпкерлерге келтірілген материалдық шығындардың орны толтырылуы тиіс. Осыған байланысты «Атамекен» Бас прокуратураға шағымданбақшы.

Кеңесте көтерілген келесі мәселе қызмет, жұмыс және тауарды сатып алу тәртібінің бұзылуы, бұл сұрақ «Биос» ЖШС-інің мысалы негізінде қарастырылды. Аталмыш компания 13 жыл бойы медициналық қызмет (гемодализ) көрсетіп, мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін қызмет көрсету көлемімен кепілдендірілген. Алайда ЖШС басшысының айтуынша, БҚО-дағы медициналық көмек төлемінің комитет департаменті «Биос» ЖШС-нің Орал қаласындағы мемлекеттік тапсырысты алуға қатысуын мақұлдамаған. Бұл негізсіз қадам болатын немесе өзге де медициналық қызмет көрсетушілерге монополияны сақтап қалу үшін жасалған. Анығы – «Биос» ЖШС-нің кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы  бұзылған.    

Ал, Кеңес күн тәртібінің ең өзекті тақырыбы еліміздегі көптеген отандық өндірушілерді толғандыратын «СТ-KZ» формасындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат беру мәселесі.

Қазіргі уақытта 139 кәсіпорын «СТ-KZ» сертификаттары беру үшін ішкі аудит жүргізуге өтініш білдірген. Олардың ішінде  60 кәсіпорын тексеріліп, 8-не қатысты оң шешім шығарылды. 32 кәсіпорынның сертификаттары жоққа шығарылды. Тағы 61 бизнес тексеріліп, шешім әзірленіп жатыр.

Нәтижесінде, сертификаттардың көп бөлігінен кәсіпорында өз еріктерімен бас тартып жатыр. Себебі, тауарларының отандық өнім екенін дәлелдей алмайды. Мәселен, сорғы насостары құрылғыларын («Ульба Электро» ЖШС) өндірушілердің «СТ-KZ» сертификаттарын тексеру басталғанда 12 сертификат ерікті түрде кері қайтарылып алынды. 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап бұл сертификаттардың жұмыс істеу мерзімі тоқтатылды.

Отандық тауарөндірушілер мен ассоциациялар жергілікті құрамның үлесі (ЖҚҮ) дұрыс есептелетіндігіне күмәнмен қарайды. Және Ұлттық палатаны тауардың өндірілген жері туралы индустриалды сертификаттарды берілу негіздерін тексеруді өтініп отыр.

Тауардың шығу тегі жүйесіндегі проблемаларды шешу үшін кәсіпорынның өндірістік қуаты көрсетілген индустриалды сертификат енгізу ұсынылды.     

Сонымен қатар, Кеңесте мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың рейтингі таныстырылды. Мұның мақсаты олардың жұмысының тиімділігін арттырып, кемшіліктірді анықтау және жою, кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін тұстарын түзету.

Рейтинг қорытындысы жыл соңына қарай шығарылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер