astana-view

Астанада «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі өтті

2016 жылғы 16 Маусым
6198 просмотров

Кәсіпкерлердің жыл сайын өтетін форумын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев ашты.

ҰКП съезінің жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Палатаның қол жеткізген жетістіктері жайында хабардар етті. Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, 2015 жылы 3 мыңнан аса НҚА сараланған, соның ішінде 100 заң жобасы бар. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге салынатын әлеуметтік салық мөлшерлемесі 11%-дан 6,5%-ға дейін төмендеді, салық төлеушілерді ҚҚС бойынша есепке қоюдың шекті мәнін 10 есеге азайтуды 2017 жылға дейін қалдыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді, осы шешімді толықтай қайта қарастыру мүмкіндігі алынды, салық төлеушілердің жекелеген санаттарын жоюдың  жеңілдетілген тәртібі енгізілді», - деп мәлімдеді ҰКП Басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ҚҚС-ты қайтару рәсімі жеңілдетілді, шаруа қожалықтары үшін бірқатар салықтарға 70%-дық жеңілдік енгізілді, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге алым жойылды. Сарапшылық қызмет саласында мемлекеттік монополия алынып тасталды, сарапшы ұйымдар құрылды, құрылыс саласында бастапқы-рұқсат беретін құжаттарды алу мерзімі қысқартылды, «бір терезе» қағидаты жүзеге асты, жұмыс берушілердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне аударатын қаржы мөлшері 5-тен 2 пайызға дейін төмендетілді. Осы істелінген жұмыстардың барлығы ҰКП-ның жетістіктері болып табылады.

«Рұқсат беру жүйесін оңтайландырудан шыққан нәтиже: бизнестің қаржылық шығыны 1,5 млрд теңгеге азайды», - деді Абылай Мырзахметов.

ҰКП Басқармасы басшысының айтуынша, дәл жоспарлау жобасының болмауына байланысты әкімдіктердің жер телімдерін беруден бас тарту мәселесі шешілген, жоспарлы тексерістер жойылған, ықпал ету реттегішінің талдамасын жүргізу туралы ереже енгізілді, сондай-ақ бизнестің барлық субъектілері үшін жарнама нысандарынан маңдайшалар алынып тасталды.

Қаржы, инфрақұрылым және өткізу нарығы қолжетімділігін қамтамасыз ету саласында бес мәселені шешудің сәті түсті. Сонымен, тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында шартты орындау, тауарды жеткізу, тапсырысты орындау, қызмет көрсетудің толық төлем мерзімін тиісінше орындауда тепе-теңдік жағдайлар мен жауапкершілік белгіленген. Тапсырыстарды себепсіз қабылдамауды болдырмау мақсатында алдын ала өткізу және (немесе) жеткізушілерді қабылдамау себебі хаттамасында тапсырыс берушіні міндеттейтін нормалар енгізілген. ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуымен  алдын ала біліктіліктілікті іріктеу институты енгізілді.  200 атаудан аса дәрілік құралдар мен медициналық заттарды жеткізу бойынша 24 ұзақ мерзімді шарттар жасалды.

ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» қорының бірлесе жұмыс істеген 2014 жылғы 1 тамыздан 2016 жылғы 31 наурыз кезеңінде Ұлттық палатаның көмегімен 410 миллиардтан астам теңгеге 955 ұзақ мерзімді шарт жасалынды.

Ұлттық палатаның Басқарма басшысы 2016 жылға арналған басым міндеттерді атады. Олар жергілікті қамту мен сатып алулар жүйесін дамыту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін жекешелендіру мен дамыту үдерісінде бизнестің мүддесін қамтамасыз ету, ауылда бизнесті дамыту, Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы, экспорт-импорт операцияларын оңайлату, дауларды реттеудің сотқа дейінгі тетіктерін дамыту.

Съезде «Атамекен» ҚР ҰКП әзірлеген Қазақстан кәсіпкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі хартиясы қабылданды.  

Осы құжат негізінде 3 үлгілік кодекс жасалады (корпоративті басқару, кәсіпкерлік әдебі, сатып алулардың тиімді тәжірибесі).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер