astana-view

Токиода туристік көрме өтеді

2016 жылғы 19 Қыркүйек
4656 просмотров

22-24 қыркүйек күндері Токиода JATA Tourism EXPO Japan 2016 халықаралық туристік көрмесі өтеді. Оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық делегацияның құрамында қатысады

JATA Tourism EXPO Japan – туризм саласындағы ең маңызды B2B және B2B форматындағы жапон көрмесі. Шараны жыл сайын Жапония Туристік агенттіктер қауымдастығы ұйымдастырады. 2015 жылы JATA Tourism EXPO Japan көрмесіне 173 602 адам келген. 141 елден 1000 компания назарға ұсынылған.

Бұл жолғы көрме Жапониядағы "Tokyo Big Sight" деп аталатын ең ірі көрме орталығында шымылдығын түреді. Оның жалпы ауданы – 25 690 текше метр.

Көрменің басты міндеттері – туристік бизнес нетворкингі және жергілікті тұрғындарға туристік бағыттарды ұсыну.

«Атамекен» ҚР ҰКП ҚР ИДМ-мен бірлесе отырып, Ұлттық стенд ұйымдастырып отыр. Көрмеде Президенттік оркестрдің жетекші әртістері ұлттық және эстрадалық музыкадан шашу шашып, қазақ халқының тағамдарынан ауыз тиюге мүмкіндік жасалатын болады. Өз өнерін зергерлер де көпшілік алдына ұсынбақ.

Шараға туристік саланың (кәсіпкерлер қоғамдастығы және мемлекеттік органдар) 26 өкілі қатыспақ. Олар жапон серіктестерімен іскерлік кездесулер ұйымдастырады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер