astana-view

Қаржыгерлер бас қосады

2016 жылғы 13 Мамыр
7442 просмотров

Алматыдағы Rixos мейманханасында 18-19 мамыр күндері Invest Show қаржы көрмесі өтеді

Бұл шара – Қазақстанның құнды қағаздар нарығындағы айтулы оқиға және түрлі деңгейдегі инвесторлар мен компаниялар арасындағы өзара ынтымақтастықтың интерактивті бірегей алаңы.

Көрме аясында ШОБ өкілдері, оның ішінде стартап иелері өз жобаларын сәтті таныстыруға және бизнесін әлеуетті инвесторларға ұсынуға мүмкіндік алмақ. Инвесторлар болса, өз кезегінде, қазақстандық қор биржасына инвестиция салудың жаңа мүмкіндіктерімен таныса алады.

2015 жылы көрмеге 100-ден аса жоба мен 1500 кәсіби нарық қатысушылары мен түрлі деңгейдегі инвесторлар қатысты. Көрме қатысушылары жиын әлеуеті мен дамудың заманауи кезеңіндегі маңыздылығын жоғары бағалаған. Бес компания KASE эмитенті болу перспективасына назар аударды. Бұл аталған жобаның жалпы жүйелік міндетін көрсетуде.

Биыл Invest Show-да қазақстандық қор биржасына арналған форум өткізу жоспарланып отыр. Форум аясында «Қазақстандағы қор нарығы: қайта жүктелім, инвесторларға арналған жаңа мүмкіндіктер» және «ШОБ компанияларына қаржылық қиындық жағдайында инвестицияларды қалай тарту қажет» атты панельдік сессиялар өтеді.

Сонымен бірге, Invest Show кезінде дәріс-сессиялар жүргізіліп, оның аясында қаржы нарығы мен бизнес-құрылымдарының кәсіби мамандары бірқатар дәрістер өткізіп, қаржы тарту және бизнесті аяққа тұрғызу тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Жер қойнауын пайдаланушы компанияларға арналған дәрістерге жеке тоқтала кеткен жөн. Бұл дәрістерде Mining and Oil & Gas (MOG) акциялар нарығының сегменті туралы айтылатын болады. Бұл халықаралық инвесторлардың отандық жер қойнауын пайдаланушы эмитенттердің жобаларын геологиялық есептіліктің әлемдік стандарттарына өту арқылы қаржыландыруға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған. Шараны «Қазақстандық қор биржасы» АҚ мен «Ирбис» қаржылық нарықтар ақпараттық агенттігі» ЖШС ұйымдастырған.

Биыл Invest Show аса қызықты, тақырыптары да сан алуан әрі қатысушылар мен спикерлердің деңгейі де жоғары болады деп күтіліп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер