astana-view

Сертификаттар көптеп сұралуда

2015 жылғы 01 Маусым
- Ақмола облысы
8395 просмотров

Жалпы саны - 231, оның ішінде 204 тауардың шығу тегі туралы сертификат және ішкі айналымға арналған 27 СТ-KZ сертификаты.

Экспортқа арналған сертификаттар санының өсіп келе жатқанын атап өтеміз. Бұл сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы кәсіпкерлер санының артып келе жатқанынан хабар береді. Мұндай сертификат баға құрылуына айтарлықтай әсерін тигізеді, демек, жеңілдікті кедендік баж көмегімен немесе одан толығымен босатылу жолымен тауардың бәсекеге қабілеттілігіне де әсер етеді.

2015 жылғы 2 маусымнан бастап «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның әрекетін жою туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Бұйрығының жобасына түзетулер күшіне енеді. Атап айтқанда, сертификаттау бөлімдерінің уәкілетті сарапшылары сертификат алуға алғаш рет жүгінген кәсіпорындар өндірісіне шыға алады.

Аталмыш функцияны Кәсіпкерлер палатасына берген сәттен бері 653 сертификат табысталған, оның ішінде 79 сертификат ішкі айналым тауарларына берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер