astana-view

ҚАҢТАР: Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай түбегейлі жақсартылды

2015 жылғы 18 Желтоқсан
8000 просмотров

2015 жылғы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы күшіне енді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Заңды дайындауға белсене ат салысып, аталмыш заңды қабылдаудан болған жалпы экономикалық әсер (қаражат үнемдеу) жылына 14 млрд теңгені құрады.

Заңның мақсаты Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдай жасау, мемлекет және банк арасында әріптестік қарым-қатынас орнату, «анықтау және жазалау» саясатынан «ескерту және адал ниетті кәсіпкерлікті ынталандыру» саясатына көшуді жүзеге асыру болып табылады.

Заң ҚР бірқатар заңнамалық актілеріне кәсіпкерлерді жоспарлы тексерудің күшін жоюға бағытталған түзетулер енгізуді, шағын бизнес субъектілерін таратудың жеңілдетілген тәртібін енгізуді, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті институт енгізуді, бизнес дамуына кедергі келтіретін нормаларды барынша қысқартуды, сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тиімділігін көтеруді көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер