astana-view

Кәсіпкерлер ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қолдау көрсетті

2015 жылғы 23 Желтоқсан
7131 просмотров

Наурыз айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында «Әркімнің дауысы маңызды!» ақпараттық науқаны бастау алды

Аталмыш науқан азаматтардың 2015 жылғы 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауға барынша көптеп қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Осы жерде қазақстандықтарды кезектен тыс сайлау күні сайлау учаскелеріне келіп дауыс беруге, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетуге қалайша үндеу керектігін білу аса маңызды болды.

Науқанда еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің, атап айтқанда, көп тұтынылатын өнімдерді өндірушілердің өнімдерінің орамасына ҚР ҰКП логотипі бейнелеген «Әркімнің дауысы маңызды» ақпараттық науқанының алдын-ала дайындалған жапсырмалары жапсырылды. Сауда орталықтары, дәмханалар, мейрамханалар, базарлар мен басқа да қоғамдық орындарға «Әркімнің дауысы маңызды!» ақпараттық науқанының таңбасы мен ҚР ҰКП логотипі бейнеленген Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауға дейін қалған күн санын көрсететін ақпараттық есептегіштер орнатылды.

Өңірлерге екі топтамамен «Әркімнің дауысы маңызды!» ұраны жазылған 3 003 700 стикер жөнелтілді. Өңірлерге сонымен қатар 10 000 ақпараттық есептегіш (күнтізбе) жеткізілді.

Науқанға барлығы 1 850 кәсіпорын қатысып, оның ішінде 1500 дәмхана, мейрамхана, сауда орталықтары мекемелеріне күнтізбе орнатып, 350 кәсіпорын тағам өнімдеріне (нан-тоқаш, ұн, сүт өнімдеріне) стикерлер жапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер