astana-view

Заңдастыру: сұрақтар мен жауаптар

2016 жылғы 15 Ақпан
9131 просмотров

2015 жылдың қараша айында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына елеулі өзгерістер енгізілді. Не өзгерді?

Мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Алайда мүлікті заңдастыру бойынша құжаттарды ұсыну мерзімінің төмендегі уақыттарда аяқталатындығын білу қажет:

  • Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік бойынша 2016 жылдың 30 қарашасына дейін;
  • басқа мүліктер бойынша – заңдастыру мерзімінің аяқталуына 5 жұмыс күні қалғанға дейін (шамамен 2016 жылдың 23 желтоқсаны).

Заңдастыру субъектісіне тиесілі немесе онымен 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін (заңдастыру бойынша акция басталғанға дейін) сатып алынған мүлік заңдастырылуға жатады.

ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы

Мүлікті заңдастыру мәселелері бойынша ақпараттық бюллетень

Информационный бюллетень по вопросам легализации имущества

Мүлікті заңдастыру мәселелері бойынша ескертпе (жадынама)

Мүлікті заңдастыру туралы декларацияның үлгісі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер