astana-view

Бизнес психологиясы

2016 жылғы 22 Маусым
- Маңғыстау облысы
14606 просмотров

Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған «Табыскер әйел. Көшбасшылық психологиясы» семинар-тренингінің мақсаты – маңғыстаулық әйелдерді көшбасшылыққа баулу

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихованың айтуынша, Кеңес өңірдегі әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту үшін жүйелік жұмыстар бастаған.

«Көптеген әйелдер бизнесті бір жерден тауар алып, оны екінші жерде сату деп ойлайды. Оларға заманауи кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндіріп, оларды осы заманғы іске дайындау үшін, бірінші кезекте әйелдердің психологиясын өзгерту керек. Тек теріс ойлар мен өз-өздеріне деген сенімсіздіктен арылту арқылы көшбасшылықтың дәнін себуге болады», – дейді Сәуле Салихова.

Оның сөзінше, психологиялық семинарлардан соң, бизнесті жүргізу негіздері оқытылады. Бір күнге созылған семинар барысында қатысушылар «Көшбасшылық – заман талабы», «Мақсатқа жеткізетін психологиялық резервтер», «Команда жасақтау» сияқты тақырыптарды игерді. Олар осы заманғы кәсіпкерлерге көшбасшылық қасиет не үшін қажет екенін біліп, табысқа жетудің кілтімен, әйел психологиясының ерекшеліктерімен, әйел кәсіпкерлердің бәскелестік артықшылықтарымен танысты. Сондай-ақ бизнес-тренер қызметкерлерді қалай іріктеу керектігін, оларды ынталандыру жолдарын түсіндірді.

«Мен мұндай бизнес-семинарларға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Бүгінгі семинар психологиялық астарға баса назар аударады, бұл оның басқа семинарлардан басты ерекшелігі. Кәсіпкерлікпен енді айналыса бастаған әйелдер үшін бұл өте маңызды», – дейді семинарға қатысушы, Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде экономика пәнінен дәріс беретін Фатима Салқынбаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер