astana-view

Мұнай өндірісі: алмақтың да салмағы бар

2016 жылғы 26 Шілде
7068 просмотров

Қазақстандағы мұнай саласы – экономиканың негізгі бағыттарының бірі. Мұнай өндіру көлемінің артуы мұнай өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуына сеп болады. Осы саладағы жағдай туралы біз KUDU Industries Inc. компаниясының өндірісті жоспарлау жөніндегі инженері Жанар Көшбаевадан сұрап білген едік.

– Жанар, KUDU Industries Inc. компаниясы Қазақстан нарығында жұмыс істей бастағанына көп бола қойған жоқ, алайда бірден өзін табысты, өндірістік әрі сауда компаниясы ретінде танытып үлгерді. Құпиясы неде?

– Ешқандай ерекше бір құпиясы жоқ. 2014 жылы Kudu Industries Inc. әлемдегі ірі мұнай сервистік компаниялардың бірі Schlumberger Logelco Inc.-тің бір бөлігі атанды. 2014 жылы KUDU Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері бойынша алғашқы «Куду Индастриз Қазақстан» ЖШС зауытын ашып, толықтай инвестициялау туралы шешім қабылдады. Онда жобалаудың толық циклі жүргізіліп, бұрандалы ұңғыма сорғысы дайындалып, жиналып, сервистік қызмет көрсетілетін болды.

– Үлкен өндірістік қуаттылық пен қойма қоры – жаңа экономикалық жағдайларда панацея емес. Сіздердің компанияларыңыз бүгінгі нарыққа не ұсынады?

– Біз толық жиынтықты бұрандалы сорғы жүйесін өндіреміз. KUDU бұрандалы сорғы жүйесі ауыр, орташа және жеңіл мұнай шығаруға арналған. Жұмыстың жаңа тәсілінің арқасында біз барлық тұтынушыларымызға дәл уақытында қызмет көрсетеміз. Абсолютті клиентке бағытталғандықтан, ылғи толығып тұратын кең ауқымды клиенттік базамыз бар.

– Қандай жаңа тәсіл туралы сөз болып отырғанын айтып өтіңізші. Сіздің «абсолютті клиентке бағытталу» деген сөзіңіз де қызық болып тұр.

Біздің кәсіпорнымыз «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Шлюмбрже технологиялық компаниясы» ЖШҰ, «КОР» мұнай компаниясы» АҚ, «Айданмұнай» ЖШС, «Адаойл» ЖШС, «Матен Петролеум» ЖШС, «Жалғызтөбемұнай» ЖШС, «ТетиАралГаз» ЖШС, «ПертроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және т.б. сияқты тапсырыс берушілердің сұранысын толықтай қанағаттандыруға бағытталған.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 800 бірлік, сонымен қатар үш ауысымда жылына 2500 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік бар.

– Бұрандалы сорғылардың негізгі артықшылықтарын атап өтсеңіз? Жалпы біліктілік нормаларына сай келетінін растайтын қандай құжаттарыңыз бар?

– Барлық өнімдер тұтынушылардың талаптарын есепке ала отырып, бекітілген технологиялық нұсқамаларға сай келетін нормативтік құжаттар бойынша дайындалады. Өнімдер нормативтік құжаттардағы талаптар мен техникалық реттемеге сәйкес келеді, СТ-KZ сертификаты, сәйкестік туралы кедендік декларация, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық, менеджмент, сапа, экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкестігі туралы сертификат бар. «Куду Индастриз Қазақстан» ЖШС – «Қазақстанның үздік тауары-2015» байқау-көрмесінің қатысушысы әрі «Өндірістік мәндегі үздік тауар» аталымының екінші дәрежелі жеңімпазы.

Бұрандалы сорғыштардың артықшылықтары:

  • Жабысқақтығы күшті мұнайды соруға икемді;
  • Құмның мол көлемін соруға икемді;
  • Еркін газдың үлкен көлемін ұстап тұруға икемді;
  • Абразивті тозуға барынша кедергі келтіру;
  • Эмульсияның пайда болу қаупі төмен;
  • Энергия шығыны мен капиталдық шығындар аз;
  • Жөндеу мен сервистік қызмет көрсету қарапайым;
  • Шағын жердің бетіне орналастырылатын құрылғы.

«КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС өнімдерінің орамасы бірқатар техникалық, экономикалық және эстетикалық талаптарға сай келеді:

  • Орама шығаруға арналған материал мен оның құрылымы оған орналастырылатын тауарлардың құрамына сай келеді әрі тасымалдау мен сақтау кезінде тауардың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Тауармен де, бос күйінде де тасымалдауға ыңғайлы;
  • Тартымды материалдарды қолдану, мақсатына қарай безендіру;
  • Ораманың бағасы қолданылатын материал мен өндірістің технологиялығына байланысты.

Өнімді тапсырыс берушіге тиеу кезінде орау мен белгілеудің, тиелетін өнімнің санын белгілеудің (салмағы, орын саны, қораптар, жәшіктер және т.с.с.) ережелерін қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Тауарлардың орамалары кәсіпорнымызда оларды тасымалдау кезінде қолданыталын көлік құралдарына, сондай-ақ тиеу, түсіру және қоймаға орналастыру кезіндегі механикаландыру және автоматтандыру құралдарына сай келеді.

Шығарылған әр өнімге белгі салынады.

Өнімдерді тапсырыс берушіге жөнелтуге дайындық кезінде де тауарлар ерекше назарда болады.

– Жанар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткер ретінде байқауға қатыса отырып, неге үміт артатындықтарыңызды айтып өтіңізші?

– Компаниямыз барлық стандарттарға сәйкес келетіндіктен және ең жаңа деген технологиялар бойынша жұмыс істейтіндіктен, «Өндірістік мәндегі үздік кәсіпорын» аталымының бірінші орнынан дәмеліміз. Алайда біз басқа да бәсекелестеріміз барекенін түсінеміз, сондықтан адал жеңіске сенім артамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер