astana-view

Рустам Жүрсінов: «Салық төлеу тиімді болатындай ету керек»

2016 жылғы 06 Қыркүйек
9480 просмотров

«Атамекен» Басқарма Төрағасының орынбасары Қазақстанда салық төлеудің тиімді және қауіпсіз жүйесін құру керек деп есептейді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Атамекен» пікірталас клубы «Салық реформасына шолу» атты тақырыпта отырыс ұйымдастырды. Пікірталасқа Қазақстандағы кәсіпкерлер форумының  атқарушы директоры Мунавара Палташева, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов және басқалар қатысты. Шараның модераторы қызметін «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаев атқарды.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 29 тамызында Үкімет ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017-2021 жылдарға арналған болжамын қабылдаған болатын. Болжамда салықтық саясат аясында салық жүйесінің экономикалық қайтарымдылығын арттыру жұмыстары жалғастырылатыны айтылған. Оның ішінде сәйкессіздіктерді жою және салық салу базасын арттыру да бар. Сондай-ақ, кепілге салынған бастамаларды іске асыру мерзімі, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мен шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі ашық мәселе күйінде қалып отыр.

Пікірталас клубының отырысында сөз сөйлеген Рустам Жүрсінов, Қазақстанда салық төлеу тиімді әрі қауіпсіз жүргізілуі  үшін белгілі бір салық салу жүйесі болу керек деген ойын білдірді. «Әлеуеттілік туралы айтатын болсақ, ол бірінші кезекте, біздің кәсіпкерлерімізді көлеңкеден шығарған кезде көрінеді. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 38%-ы көлеңкеде қалып отыр. Біздің іскерлік ахуалды бағалауымыз бойынша, барлық салық төлеушілердің  айналымынының 18%-ы  салық органдарына көрсетілген емес. Сол себепті біз салық төлеуді тиімді әрі қауіпсіз етуіміз керек», – деді ол.

Оның айтуынша, осы мәселенің маңызды тұстарының бірі жалған кәсіпорындар. «Айтпақшы, ерте қуантпай-ақ қояйын, бірақ қазір Дәулет Еділұлымен (Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ерғожинмен – автор ескертпесі) бірге арада «жалған кәсіпорын» туралы 215-бапты жою жөніндегі басты келісім бар. Оның орнына біз ресейлік модельге өтеміз. Ол кезде 245-бап «салық төлеуден жалтару бойынша» әлдеқайда көп іс қозғау жағдайлары болады. Мұны бірден айтып өткім келеді», – деді Жүрсінов.

ҰКП басшысының орынбасары тиісті рақымшылық жасау мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын атап өтті. «Бірақ кәсіпкерлер қылмыстық қудалау шеңберіндегі жалған кәсіпкерлік бойынша артық жауапқа тартылмайды. Оған қоса, біз қазіргі таңда, егер кәсіпкер жалған кәсіпорынмен жұмыс істеген жағдайда, оған рақымшылық жасау мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе әлі де толық қарастырылып біткен жоқ. Менің ойымша, қазан айында біз жұмысымыздың нәтижесімен таныстырамыз», – деп хабарлады ол.

Сонымен қатар, ол салықтар мен алымдарды арттыру үшін мүмкіндік бар деп есептейді. Негізінен біз бұл жерде патенттер туралы меңзелуде.

«Бізде едәуір салық жүктемесі бар деп айтамыз. Ал патентте ше? Сіздер, патентте отырғандардың 82%-ы өздерінің 2 млн теңгеге дейінгі айналымын көрсетіп отырады дегенді  естіп пе едіңіздер? Бұл дегеніміз айына 167 мың теңге немесе күнініне 5,5 мың теңге деген сөз емес пе? Алматы немесе Астана қаласынның қай жерінен  5 мың  теңге айналымы бар дүкенді көрдіңіздер? Сол себепті көптеген сауалдар бар. Және де біздің салық комитетіндегі әріптестеріміз ыңғайсыз мәселелерді көтеріп келеді», – деді Рустам Жүрсінов.

Оның айтуынша, әрбір салада бәсеке болу үшін жағдай жасау керек. «Егер біз бәсекеге қабілетті Қазақстанды құрғымыз келсе, бізге бәсекеге төтеп бере алатын экономика  керек. Ал бәсекеге қабілетті экономика болуы үшін, бәсекеге қабілетті сала болуы керек», – деді ол.

Соған сәйкес, Қазақстанда әзірге салық жүктемесінің шынайы коэффициентін көрсететін статистика жоқ. «Егер біз бәсекеге қабілетті сала туралы айтатын болсақ, онда бізде салық жүктемесінің бәсекеге қабілетті коэффициенті болуы керек. Қазір сізге салық жүктемесінің тура коэффицентін ешкім дөп басып айтып бере алмайды», – деді Рустам Жүрсінов.

«Айналымның негізінде жинақталған статистика бар. Егер сізге банктегі салық жүктемесінің коэффициенті 3,5% десе, сенер ме едіңіз? Айналым бойынша болса – ия, ал пайдаға келгенде – білмеймін. Бізде сауда үшін салық жүктемесінің коэффициенті 3,3% десе ше? Маған бұл сандар ешнәрседен  хабар беріп тұрған жоқ», – деп түсіндірді ол.

Оған қоса Жүрсінов мына мәселені де айта кетті. Мысалы мұнай бизнесі басқа елдермен салыстырғанда, мұнайы бар белгілі бір елде, жұмыс істеу туралы шешім қабылдайды. «Егер біз бәсекеге қабілетті мұнай өнеркәсібін қаласақ, кешірім өтінемін, мұнай компанияларында Қазақстанға емес, Алжир немесе Нигерияға кетіп қалу таңдауы бар. Ешқандай айырмашылығы жоқ. Сол себепті, біріншіден, инвестиция бойынша қайтару кепілдігін, екіншіден, олардың cash flow  легіне  салымдар салу мүмкіндігін беретін салық жүктемесінің коэффициентін шығарып алуымыз керек», – дейді ол.

Өз кезегінде «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаев, Дүниежүзілік банк пен Pricewaterhouse Coopers мәліметі бойынша, Қазақстан либералды салық жүйесі бар ел болып табылатынын атап өтті. «Біз Қазақстанды тек қана өңірлік көшбасшылар қатарында ғана емес, сондай-ақ, әлемдік көшбасшылар қатарынан да көріп отырмыз. 189 елдің арасында 18-орынды иеленеді. Біздегі жалпы салық мөлшері 30%, 20,2%.  Бұл әлемдік орташа деңгейден төмен. Қытай, Ресей, Украинадағыдан да төмен деген сөз.  Бізде бар-жоғы 7 төлем бар. Орташа компанияға салық заңнамасының талаптарын орындау үшін жылына 188 сағат қажет», – деді ол.

Алайда, ол салықтар мен алымдарды есепке алу кезінде барлық міндетті төлемдерді ескеру керек деп есептейді. «Оған қоса, егер қазір қолданыстағы нормативті-құқықтық базаны алатын болсақ, онда біз Қазақстаннан, аз дегенде, 36 салық түрлерін және басқада міндетті төлемдерді, оның ішінде 7 түрлі бюджеттен тыс жарналарды есептеген болар едік. Бізде 13 салық түрі және 3 қажетті төлем түрі  бар. Және де қазіргі таңда, заңмен белгіленген, міндетті шығару  пайда болды. Кәсіпорын субъектілері оны орындауы керек. Олар Салық кодексінде көрсетілмеген», – деп атап өтті Ошақбаев.

Рахым Ошақбаев соңғы жылдары бюджеттен тыс төлемдердің мөлшері айтарлықтай өскендігіне алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, салық заңнамасының көлемі де артты. Ал алдағы жылдарда бұл жүктеме тағы да көбеймек. Осыған байланысты, Ошақбаев тұрғындардың табысын ынталандыру үшін жағдай жасауды ұсынды. «Қазіргі біздің қолымыздағы экономика жағдайындағы халықтың табысы құлдырауының кезінде оны ынталандыру қажет. Менің ойымша, оның қарапайым жолы – салық мөлшерін кем дегенде көтермеу, барынша жеңілдету және жүктемені азайту. Жұмыс берушілер қызметкерлердің еңбекақы қорын ынталандырып, жалақысын көтеруі керек», – деп түсіндірді модератор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер