astana-view

Әкімдер «Атамекен» палатасын 3 жылдық мерейтойымен құттықтады

2016 жылғы 09 Қыркүйек
10457 просмотров

Олар Ұлттық палата жұмысына жергілікті атқарушы органдар тұрғысынан баға берді

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына атқарып отырған қыруар жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Бүгін жекеменшік бизнес институционалды тұрғыда қалыптасты және біз дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін билік, қоғам және үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде бизнес арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату қажет екенін білеміз. «Атамекен» ҰКП бүгінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен ауқымды жұмыстар атқарып келеді. «Атамекен» Үкіметпен ғана емес, жергілікті атқарушы органдармен де жақсы қарым-қатынас орнатқан. Алматыда, «Атамекенмен» бірлесе отырып, біз қазақстандық құрам, жобаларды ынталандыру мәселелері бойынша салмақты жұмыстар жасап келеміз. Жайлы жағдайды қамтамасыз ету бойынша барлық негізгі мәселелерді біз бизнес және «Атамекен» ҰКП қолдауымен жүзеге асырып келеміз. Сондықтан, менің ойымша, бұл бизнеске жасалған үлкен қолдау. Біз шағын және орта компаниялардың жағдайы жасалғанда ғана мықты бизнес қалыптасатынын білеміз. Бұл тамаша алаң және біз, әкімдер мұны жақсы түсінеміз және жаңа байланыстар орнатудамыз. 3 жылдық мерейтой құтты болсын!

 Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

– Мен «Атамекен» ҰКП-ны 3 жылдығымен құттықтаймыз. Сіздер Елбасы үнемі айтып отыратын жаңа жұмыс орындары мен бизнесті дамыту үшін көп нәрсе істеудесіздер. Мен «Атамекеннің» барлық командасын құттықтаймын, Қазақстан экономикасын дамытуда және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда табыс пен сәттіліктер тілеймін! 

Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі:

– «Атамекен» ҰКП қызметі аса қажет. Соңғы кездері оған біздің көзіміз анық жетті. Сондықтан, табыс тілеймін. Отанымыздың игілігі үшін әкімдіктермен табысты жұмыс жасауына тілектеспін. Біздің облысымыз Өңірлік кәсіпкерлік палатасымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Аптасына бір рет кездесіп, көптеген мәселелерді талқылаймыз. «Атамекен» қызметінің біздің өңірдің және еліміздің  экономикасына ықпалы зор. Бұл – ең басты жетістік.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер