astana-view

Сыбайлас жемқорлық қай мемлекеттік органда кең тараған?

2017 жылғы 03 Сәуір
8655 просмотров

2016 жылғы «Іскерлік ахуал» рейтингісінің қорытындысы бойынша Кедендік органдар, экономикалық тексеру қызметі мен көліктік бақылау сыбайлас жемқорлық кең таралған органдар деп танылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2016 жылғы «Іскерлік ахуал» рейтингісінің қорытындысын жариялады. Зерттеу аясында кәсіпкерлер өңірлердегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың таралуына баға берді.

Сауалнамаға қатысушылар сыбайлас жемқорлық кең таралған органдарға кедендік органдарды, экономикалық тексеру қызметі мен көлік инспекциясын жатқызған.

Зерттеу барысында аталған мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың орташа мөлшері анықталған. Кедендік органдарда – 12 мыңнан 486 мың теңгеге дейін, экономикалық тексеру қызметінде – 165 мыңнан 632 мың теңгеге дейін, ал көліктік бақылау органында – 85 мың теңгеден 314 мың теңгеге дейін.

Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 31 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын. Зерттеу қорытындысымен «Атамекен» ҰКП сайтынынан таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер