astana-view

2016 жылы «Бизнестің жол картасы –2020» бағдарламасы туралы ақпараттандыру 67,7%-ға артқан

2017 жылғы 26 Сәуір
4311 просмотров

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік ахуал­–2016» әлеуметтік зерттеуінің аясында «Бизнестің жол картасы­–2020» бағдарламасы жайлы ақпарат алу және оған қатысу деңгейі анықталды

«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы жайлы білу 2014 жылмен салыстырғанда 7 есеге, 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан.

Атап айтқанда жалпы «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы туралы 2014 жылы кәсіпкерлердің 9% ғана білсе, 2015 жылы 44%-ға жеткен, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 67,7%-ға дейін көтерілді.

Дегенмен, ауылдардағы кәсіпкерлерге қарағанда, қаладағы кәсіпкерлер бағдарлама жайында көбірек хабардар.

Мысалы, 2015 жылы ауылдағы кәсіпкерлердің 43,3% мәлімет алса, қаладағы кәсіпкерлердің көрсеткіші – 46,7%. 2016 жылы ақпарат алу айтарлықтай өсіп, ауылдағы көрсеткіш 67%-ға, ал қаладағы деңгей 70,6%-ға жеткен.

Бағдарламаға қатысқан кәсіпорындар арасында 54,25% жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ал 33,2% жеке кәсіпкерлер. Сонымен қатар шаруалық және фермерлік қожалықтар үлесі 10,1%. Акционерлік қоғам секілді кәсіпорындар аталған бағдарламаға сирек қатысады.

«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламаға қатысушылар хабардар болғандықтан, олардың үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға артқан.

Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 31 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын. Зерттеу қорытындысымен мына жерден таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер