astana-view

«Атамекенiм» науқаны – бұл әлеуметтік инвестициялар

2017 жылғы 12 Қазан
2051 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлер науқанды қолдайды. Оның мақсаты жолданымды қайырымдылық көмек көрсету бойынша бизнес бастамаларды іске асыруға көмектесу

Кәсіпкерлер палатасының алаңшасында дөңгелек үстел өтті, оның аясында «Атамекенім» науқаны таныстырылды.

ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ләззат Беспаеваның айтуынша осы науқан қайырымдылық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілікті жүйелі түрде дамытуға бағытталған. «Атамекенiм» науқаны аясында, ҰКП www.atameken.kz сайтында табыла алатын Әлеуметтік мәселелер тізілімі ұйымдастырылады.

Бұл әр үміткер онлайн-режимде көмекке мұқтаждығына өтінім бере алатын, өз кезегінде кәсіпкер өтінішке жауап қайтаруы мүмкін болатын бірыңғай мәліметтер базасы болады.

 «Әлеуметтік жауапкершілік аясында, Павлодарда көптеген жобалар жүзеге асырылады. Бізде барлық деңгейлі бизнесмендер балалар үйлеріне көмектесіп тұратын, мектеп, оқу мекемелерін қамқорлыққа алатын, табысы аз азаматтарға қолдау көрсетіп отыратын мысалдар көп. Бірақ, түрлі себептермен ол жөнінде тіс жармайды. Біз осы ақпарат қолжетімді болуы керек деген ой         дамыз. Жақсы үлгі көрсету керек, ол жөнінде айтып, «жақсылық вирусын» іске қосу қажет» – деп атап өтті Ләззат Беспаева.

Әлемдік тәжірибеде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қоғам өмірінің өзгерілмейтін белгісін атап өткен жөн. Бұл өзінше әлеуметтік инвестициялар. Сондықтан ҰКП әлемнің барлық дамыған мемлекеттеріндегідей қайырымдылық көмек көрсетуге бизнес-қауымдастықтардың экономикалық ынталары болуы үшін заңнамалық деңгейде қайырымдылыққа жағдай жасауды ұсынады.

«Атамекенiм» науқаны аясында, ҰКП «Парыз» мемлекеттік марапатын жасауды ұсынады. Ол мәдениетті қалыптастыруда және қайырымдылық идеяларын жылжытуда, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды іске асыруда, демеушілік көрсетуде үлестің жоғары танылуын көрсетеді.

«Атамекенiм» науқанының тағы бір бағыты бір уақытта кәсіпкерлік сананың өсуімен кәсіпкерлікке ауқымды оқыту болып табылады.

 «Бизнес-ойлау, дұрыс прагматизмді өсіп келе жатқан жастарға мектеп жасынан бастап дарыту қажет.  Сондықтан ҚР «Атамекен» ҰКП мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнін қосуға бастамшылық етті. Тіпті алдымыздағы жылы 10-шы сынып оқушылары осы пәнді оқу үшін таңдап ала алады» - дейді Ләззат Беспаева.

 Бизнеске оқытуды мүмкіндігінше ертерек бастау жөнінде Павлодар қаласының №28 орта мектебінің директоры Гүлмира Мантыкова да қолдайды.

 «Толығымен «Атамекенiм» науқанын қолдаймыз. Ол дұрыс деп есептейміз. Сондықтан, дәл мектепте болашақ тұлғаның негіздері қалыптасады. Және дәл мектепте құрылысшы, мұғалім немесе кәсіпкер болсын болашақ кәсіп таңдау бойынша дұрыс кәсіби бағдарлау жұмысын өткізіп, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру керек» - дейді Гүлмира Мантыкова.

 «Нефтехим ЛТД» ЖШС-інің қызметкерлерді басқару бойынша қызметтің бастығы кәсіпорын белсенді серіктестікте әрі қаланың бірнеше оқу мекемелерін қолдап отыратындығын айта кетті.

Мақсаты жолданымды әлеуметтік көмек көрсететін «Атамекенiм» науқаны қайырымдылық мәдениетін дамытуда жаңа қарқын береді. Қоғамды, оның әлеуметтік және басқа көптеген салаларын дамытуда бизнестің ерікті үлес мысалдарын көрсетеді. Бүгінде бизнес орталардың көптеген өкілдерінің өзіндік ерекшелігі мұқтаж адамдарға көмек көрсету болып табылады. Сондықтан осындай үлгілерді көрсетіп отыру қажет деп есептеймін» – деп атап өтті Илона Гришина.

 

         


Еншілес ұйымдар

Серіктестер